Жоғары білімі бар: 2002 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Химик. Оқытушы» мамандығы бойынша бітірген.
Білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесі 20 жылдан астам.
2003 жылдан 2007 жылға дейін Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-де бейорганикалық химия кафедрасының инженері болып жұмыс істеді;
2008 жылдан 2019 жылға дейін Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де бейорганикалық және техникалық химия кафедрасының доценті болып жұмыс істеді;
2019 жылдан 2020 жылдың тамызына дейін ҚарМТУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының әдіскері болып жұмыс істеді;
2020 жылдың қыркүйегінен бастап «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КЕАҚ Тіркеуші Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.