Боголюбова Наталья Валерьевна

бьт ТҮЙІН

• Боголюбова Наталья Валерьевна
• Туған күні: 01.11.1984
• Байланыс мәліметтері: n.bogolyubova@ktu.edu.kz
• Білімі: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 180240 «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» мамандығы (2006 ж. – тау-кен инженері-геофизик); Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 6N0706 «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау» мамандығы (2009 ж. – пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау магистрі).

• Еңбек өтілі: Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиясы және барлау кафедрасы: 2009-2011 жж. – кафедра ассистенті, 2011-2013 жж. – оқытушы, 2013 ж. -қазіргі уақытқа дейін – аға оқытушы.

• Ғылыми қызығушылықтары: геофизикалық зерттеулерді жүргізу және деректерді интерпретациялау, пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы мен барлау, жер қойнауын зерттеудің геофизикалық әдістері.

• Ғылыми жетістіктері (соңғы 5 жыл): «Сағынов оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларында 3 баяндама; ҚР ҒжЖБМ ҒжЖБССҚЕК журналдарда 4 мақала; Scopus және Web of Science дерекқорларына енгізілген журналдарда 2 мақала; 7 оқу құралы; 5 зияткерлік меншік объектісіне куәлік,1 Еуразиялық патент; 2 электрондық оқу басылымы және ЖАОК (МООК) әзірлеу; АР27510943 гранттық жобасының орындаушысы «Ұлытау аймағындағы мыс-никель және мыс кендеріндегі сирек жер элементтері мен асыл металдардың болу формаларын зерттеу» (2025–2027 жж.); студенттердің халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен конкурстарға баяндамаларын дайындауға ғылыми жетекшілік (2).

• Біліктілікті арттыру: «Жумыс-Стройсервис» ЖШС: Көмірлі қабаттар метанын өндірудің технологиялық операциялары (2020), Жер қойнауын пайдалану саласында жобалық құжаттарды әзірлеу (2021); «Азимут Геология» ЖШС: Қатты пайдалы қазбаларды іздеуде электрлік томография мүмкіндіктері (2021), Ұңғыма маңындағы кеңістікті тік сейсмикалық профильдеу әдісімен зерттеу (2022); Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті: Moodle құралдарын қолдану негізінде ҚОТ тиімді пайдалану (2020), Педагогикалық шеберлікті жетілдіру (2021), Кибермәдениет, кибергигиена және үлкен деректермен жұмыс (2022), Академиялық үдерістегі жасанды интеллект (2025), Инклюзивті білім беру: теория және тәжірибе (2026); Тарас Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті Ғылыми тағылымдама (2021).

• Тілдерді білуі: қазақ тілі — A1 деңгей, орыс тілі — ана тілі, ағылшын тілі — A2 (Pre-Intermediate).

• Кәсіби дағдылар мен білім: пайдалы қазбалар кен орындарын зерттеуде геологиялық және геофизикалық ақпаратты талдау, жалпылау және өңдеу әдістерін меңгеру; заманауи білім беру технологияларын және цифрлық оқыту құралдарын пайдалану.