Байсейітова Еркеназ Ағланқызы

1656004113282
image-1

Ғылыми дәрежесі-техника ғылымдарының магистрі

Ғылыми атағы – “нанотехнология және металлургия” кафедрасының оқытушысы

Өмірбаяны

1991 жылы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген, қазақ. Отбасы жағдайы-тұрмыста, екі баласы бар. 2009 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне түсіп, 2013 жылы “Металлургия” мамандығы бойынша бітірді (біліктілігі: металлургия бакалавры).

2013 жылдың қазанынан 2015 жылдың қаңтарына дейін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Қарағанды облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінде іс жүргізуші – аудармашы лауазымында жұмыс істеді. Еңбек қызметімен қатар 2014-2016 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде “Металлургия” мамандығы бойынша магистратураны бітірді (біліктілігі: техникалық ғылымдар магистрі).

2015 жылдың қазан айында Беларусь технологиялық университетінде (Минск қ., Беларусь Республикасы) магистрлік тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті. 2017 жылдың маусым айында “Табиғи шикізаттан металл ұнтақтарын алудың тиімді технологиясын әзірлеу”тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Диссертация тақырыбы бойынша ҚарМТУ еңбектерінде 3 мақала жариялады.

Сондай-ақ 2015 жылдан 2017 жылға дейін Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша бітірді (біліктілігі:”экономика саласындағы құқықтық реттеу”).

2015 жылғы қаңтар – 2019 жылғы сәуір аралығында ҚР Индустриялық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектор, ішкі бақылау бөлімінің бас маманы, Құжаттамалық қамтамасыз ету және құқықтық реттеу саласындағы бас маман лауазымдарында жұмыс істеді.

2019 жылғы сәуір-2021 жылғы қараша аралығында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде, оң реттеу бөлімінің бас маман – заңгері, кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы лауазымдарында жұмыс істеді. Еңбек қызметі кезеңінде ҚР заңнамасына сәйкес құқықтық актілерді ресімдеу саласында Департаменттің жеке құрамы үшін құқықтық жаппай оқытулар өткізді. Департаменттің құжат айналымын мемлекеттік тілде сапалы жүргізуге жауапты болды. 2014 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде Аударма ісі бойынша тағылымдамадан өтті. 2015 жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде “құжат айналымын мемлекеттік тілде жүргізу”тақырыбында семинар-тренинг өтті. 2019 жылы ҚР Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік министрлігінде кадрлық қамтамасыз ету маманы – жеке құрамның құжаттарын жүргізу бойынша тағылымдамадан өтті. 2014 жылы ҚР Төтенше жағдайлар департаменті бастығының алғыс грамотасымен марапатталды.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі уақытқа дейін “нанотехнология және металлургия”кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істейді. Кафедрада қызмет еткен уақытында Университет еңбектерінде 3 мақала жариялады, 3 САЖ әзірледі, патент беруге 1 өтінім жіберді, 3 электрондық зертхана әзірледі. Қарағанды техникалық университетінің жас ғалымдарға арналған грантына ғылыми жобалар конкурсына қатысты. Кафедраның аға кураторы. Кафедра бойынша ҒЗЖ жүргізуге жауапты. МЕТ-18-2 тобына жетекшілік етеді. Ғылыми-зерттеу қызметімен айналысады. Кафедраның әлеуметтік желісіне кафедрада іс-шаралар өткізу туралы ақпаратты жариялауды жүзеге асырады.