Қалыбекова Қаламқас Сағындыққызы

Жол-көлік факультеті

Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасы

Ғылыми дәрежесі: филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Қызметі: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі

 

 

Біліктілігі: 1994 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. Біліктілігі филолог, оқытушы.

2001 жылы жоғарыда аталған университеттің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімін бітірді.

2007 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінде «1960 жылдардағы қазақ әдеби сыны» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2011 жылы «Әдебиеттану» мамандығы бойынша Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінен «Доцент» ғылыми атағы берілді.

2011 жылдан бастап Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі.

Еңбек жолы:

1994-2008 жылдар аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының аға оқытушысы.

2008 жылдан бастап, Ә.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Ғылыми еңбектері: Республикалық ғылыми басылымдарда (ҒЖБССҚК ұсынған), халықаралық ғылыми журналдарда (Web of Science, Scopus) көптеген мақаласы жарық көрді, бірнеше оқу-әдістемелік кешеннің, 2 оқу құралының авторы.

Тағылымдамалар: 2011 жылы Түркияның Анкара, Стамбұл және 2013 жылы ҚХР Санжы қалаларында тағылымдамадан өтті.

2023 жылы «Болашақ» Халықаралық стипендиясының иегері атанып, «500 ғалым» бағыты бойынша Түркия елінің Кастамону университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Марапаттары:

2013 ж. «Көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен тәрбиелеу ісіндегі жеткен жетістіктері үшін» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы;

«2014 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегері;

2018 ж. «Облыстың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны, жаңа қазақстандық қоғам құру ісіндегі жеке еңбек және шығармашылық үлестері үшін» Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы;

2020 ж. «Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде жас мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің Алғыс хаты;

2023 жылы «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісі.