Алишев Болат Жаманбаевич

 

IMG_20140914_0001
image-1
Алишев Болат Жаманбаевич 1966 жылы 15 мамырда Целиноград облысы Еремнтау ауданының Благадатное аулында дүниеге келдім. Тұрғылықты мекен-жайым: Қарағанды қ., Мамыраев көш., 21 үй, 12 пәт., ұлтым – қазақ.

1973 жылы Нұра ауданына қарасты Киевка қ.т.к. орта мектебінің 1 сыныбына бардым, отбасы жағдайлары байланысты Жезқазған облысының Никольский қ. көштік, 1975-1983 жж. №1 ОМ оқыдым. 1983 жылы 10 сыныпты аяқтадым. Морозовка аулында қара жұмысшы болып еңбек еттім.

1984 жылдан 1986 жылға дейін КӘ қатарында қызмет еттім. Білімім жоғары, 1987-1937 жж. Қарағанды педагогикалық институтында «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» мамандығы бойынша білім алдым. 1997 жылдан 2008 жылға дейін Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектебінде взвод командирі болдым. 2008 жылдан 2009 жылға дейін 33775 әскери бөліміне ауыстырылып, мотоатқыштар батальоны командирінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары болып, бригада штабында ЖДТ аға офицері болып қызмет атқардым, 77070  «Астана» РгК әскери  бөліміне ауыстырылып, тәрбиелік даярлық бойынша аға офицер қызметін атқардым. Қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің әскери-техникалық факультеті «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеймін.

«Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 10 жыл», «Мінсіз қызметі үшін 10 жыл», «Мінсіз қызметі үшін 15 жыл» медальдарының иегерімін. Алматы қ. «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсын аяқтағандығым туралы сертификат бар.