Аширбекова Анар Бокеновна,
Жол-көлік факультеті
Лауазымы: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының ф.ғ.к., оқытушы
Қарағанды облысында туған.
1996 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алып, «Филолог, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» біліктілігін алған.
2010 жылы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нде 10.01.02 – «Қазақ әдебиеті» шифры бойынша кандидаттық диссертация қорғап, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді.
40 тан аса ғылыми мақалалар, 1 монография авторы.
Жұмыс өтілі: 24 жыл.