
РЕЗЮМЕ
• Тебаева Анар Юлаевна
• Туған жылы: 28.06.1993 ж.
• Байланыс деректері: tebaeva@ktu.edu.kz
• Білімі: Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ), 5B070700 «Тау-кен ісі» (2015 ж. – бакалавр); Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ), 6М074700 «Пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу мен барлаудың геофизикалық әдістері» (2019 ж. – техника ғылымдарының магистрі).
• Еңбек өтілі: «Пайдалы қазбалар кен орындарын геологиясы және барлау» кафедрасының инженері (2015–2017 жж.); аталған кафедраның ассистенті (2019–2021 жж.); оқытушысы (2021–2025 жж.); 2025 жылдың қыркүйек айынан бастап аға оқытушысы.
• Негізгі ғылыми қызығушылықтары: геофизикалық зерттеулер саласында.
• Жетістіктері: Соңғы 5 жыл ішінде:
– SCOPUS халықаралық дерекқорына енгізілген, импакт-факторы нөлден жоғары журналдарда жарияланған 3 мақала;
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті (КОКСОН) ұсынған басылымдарда және РИНЦ (Ресей ғылыми дәйексөз индексі) базасына енгізілген журналдарда 9 мақала;
– Қазақстанда және жақын әрі алыс шетелдерде өткен халықаралық конференциялар мен симпозиумдар материалдарында жарияланған 7 тезис;
– 7 оқу құралы, оның ішінде 1-еуі ағылшын тілінде;
– ҚР Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің (РУМС) грифімен бекітілген 3 оқулық.
– Пайдалы қазбалардың құрамын және сапасын талдаудың ядролық-физикалық әдістері саласында 10-нан астам өнертабыс патенттері бар.
– 2024–2026 жж. арналған «Табиғи радиоактивті элементтердің гамма-сәулелену спектрометриясы негізінде көмірлерді ядролық-геофизикалық сынамалау технологиясы» атты гранттық қаржыландыру жобасының орындаушысы (келісімшарт сомасы – 109 501 622 теңге). ҚарМТУ басшылығы тарапынан 2 алғыс хатпен марапатталған;
– 2025–2027 жж. арналған «Көмірлер мен күл-қож қалдықтарының сирекжер элементтерін алуға әлеуетті шикізат ретіндегі металлдылығын ядролық-радиометриялық бұзбайтын талдау технологиялары арқылы зерттеу» атты гранттық жобаның орындаушысы (келісімшарт сомасы – 111 042 647 теңге).
• Біліктілікті арттыру: 6 жылдық педагогикалық қызмет барысында келесі біліктілікті арттыру курстарынан өтті: «Жұмыс-Стройсервис» ЖШС – «Жер қойнауын пайдалану саласында жобалық құжаттарды әзірлеу» (2021 ж.); «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі» семинары (2022 ж.); «ЖОО оқытушысының ғылыми-педагогикалық қызметіндегі пәнаралық ынтымақтастық» (2023 ж.); «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы заманауи менеджмент технологиялары» (2023 ж.); «Жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу» семинары, Орталық Азия Білімді Аккредиттеу Қауымдастығы (CAAAE) (2024 ж.); KazAELT Mini-Conference “Empowering Educators: Shaping the Future Together” конференциясына қатысу (2025 ж.); «Білім беру қызметінде заманауи IT-технологиялар және жасанды интеллектті қолдану» (2026 ж.); «Инклюзивті білім беру: теориясы мен практикасы» (2026 ж.). Соңғы 5 жыл ішінде тілдік курстар: «English Language Course» – CEFR A2 деңгейі (2024 ж.); «English Language Course» – CEFR B1 деңгейі (2025 ж.); 2025 жылғы қыркүйек–қараша аралығында ҚАЗТЕСТ стандарты бойынша «А1 бастапқы» деңгейіндегі 120 сағаттық қазақ тілі курсы.
• Тілдерді меңгеруі: қазақ тілі – сөздікпен; орыс тілі – еркін; ағылшын тілі – Intermediate Plus деңгейі (сертификат бар).
• Кәсіби дағдылары мен құзыреттері: CorelDRAW, Surfer бағдарламаларында геологиялық сүйемелдеу; радиометриялық түсірілім жүргізу; геофизикалық деректерді өңдеу және интерпретациялау.