ТОКАНОВ ДАНИЯР ТОКАНОВИЧ

Токанов
image-1
Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университетінің

Сәулет — құрылыс факультетінің деканы

Қай университет, қай мамандық бойынша және қашан бітірді:

2003 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Қалалық құрылыс және шаруашылық» мамандығы бойынша бітірген;
2004 жылдан 2006 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің магистратурасында №6N0729 – «Құрылыс» мамандығы бойынша оқыды;
2006 жылдан 2008 жылға дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің күндізгі нысаналы аспирантурасында 05.23.05 – «Құрылыс материалдары мен бұйымдары» мамандығы бойынша оқыды.

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, академиялық дәрежесі:  05.23.05 – Құрылыс материалдары мен бұйымдары мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (20100 – Азаматтық инженерия бағыты бойынша).

Жұмысқа қабылдау күндері мен атқаратын лауазымдарын қоса алғанда, бөлімшелерде жұмыс істеу:

  • 2003-2006 жж. — ҚарМТУ жанындағы ғылыми-зерттеу, сараптамалық және жобалау-іздестіру қазақстандық көпсалалы қайта құру және даму институтының (Қазмирр институты) инженері;
  • 2006-2008 жж. — ҚарМТУ күндізгі аспирантурасында оқу;
  • 2008-2011 жж. — ҚарМТУ жанындағы Қазмирр институтының ғылыми қызметкері;
  • 2011-2012 жж. — ҚарМТУ жанындағы Қазмирр институтының аға ғылыми қызметкері;
  • 2012-2024 жж. — Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ жанындағы Қазмирр институтының ғимараттар мен құрылыстардың құрылысы мен мониторингін ғылыми-техникалық сүйемелдеу бөлімінің бастығы;
  • 2024 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің сәулет-құрылыс факультетінің деканы.

Негізгі ғылыми қызығушылықтары: сенімділіктің инженерлік теориясы, ғимараттар мен құрылыстарды жобалау, салу және пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау.

Негізгі жарияланымдар: 40 – тан астам ғылыми жұмыстар, оның ішінде 3 мақала – Scopus халықаралық базасына кіретін журналдарда, 15 мақала-КОКСНВО ұсынған журналдарда жарияланды; 2 оқу құралы жарық көрді.

Қосымша ақпарат: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс Министрлігінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.

Байланыс мәлiметтері:

  • Мекенжай: қ. Нұрсұлтан Назарбаев, 56, бiрiншi ғимарат, 214-шi кабинет.
  • Қызмет телефоны: 8 (7212) 56-78-44 (ішкі 2006).
  • E-mail: d.tokanov@ktu.edu.kz