Даниярова Айнагуль Есимсеитовна

Даниярова
image-1

ТАӘ: Даниярова Айнагуль Есимсеитовна
Факультет: Сәулет-құрылыс факультеті
Ғылыми дәрежесі: тарих ғылымдарының кандидаты
Ғылыми атағы: доцент
Лауазымы: доцент
Өмірбаяны: 1973 ж.т., 1990 жылы орта мектепті күміс медальмен бітірген, 1995 ж. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің тарих факультетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмамдаған, біліктілігі – тарихшы, тарих және әлеуметтік-саяси тәртіп оқытушысы. 1995 ж. мақсатты аспирантураның күндізгі бөліміне ұсынылды.
2002 ж. 07.00.02 – Отан тарихы (Қазақстан Республикасының тарихы) мамандығы бойынша тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің ізденушілігі бойынша диссертация қорғады. Сонымен бірге (тарих ғылымдары бойынша философия докторы) ғылыми дәрежесі берілді.
2001-2008 жж. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің тарих факультетінде оқытушы, аға оқытушы, «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті қызметтерін атқарған. 2008 ж. бастап ҚарМТУ-дің «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті.
128 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары жарияланған. Оның ішінде: 1 монографиялық еңбегі, 5 оқу-әдістемелік құралы және мемлекеттік және орыс тілдерінде интеллектуалдық меншік объектісін мемлекеттік тіркеу туралы 3 куәлік.
ҚР Білім және ғылым министрлігі ККСОН 04.05.2011ж. № 4 алқасының шешіміне сәйкес 07.00.00 «Тарих» мамандығы бойынша доценттің ғылыми атағында бекітіліп, ғылыми атағы берілді.
Сәулет және құрылыс факультетін ұсыну арқылы 2009-2010 оқу жылында «Лекторлық шеберлік» атағын алды.
Соңғы 3 оқу жылында А.Е. Даниярованың сала ұжымындағы қызметі мынамен анықталады: 2011-2012 ж., 2012-2013 ж., 2013-2014 ж. А.Е. Даниярова Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің тарих ғылымының магистрі дәрежесін алудағы ізденушілік рецензия авторы; «Тарих» магистратура мамандығы бойынша, 2012-2013 оқу жылында Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-де «Археология және этнология» мемлекеттік аттестациялық комиссиясының төрайымы, 2011-2012, 2012-2013, 2013-2014 оқу жылдарында ҚарММУ-і жанындағы медициналық колледжде «Қазақстан тарихы» дисциплинасы бойынша мемлекеттік емтихан төрайымы.
А.Е. Даниярованың кафедра доцентінің лауазымдық міндеттері жоғары кәсіби деңгейде, «Қазақстан тарихы» кафедрасының СМЖ бойынша уәкілі болып табылады. Студенттер тарапынан жоғары рейтинг бойынша бағаланады, ҚарМТУ-дің 60жылдық мерейтойына орай ҚР Білім және Ғылым министрлігі кәсіподағының мадақтасымен марапатталды. Жұмыс барысында өзін білікті маман ретінде көрсете білді.
Жұмыс телефоны: 56-59-32
Ішкі телефон: 11-14
Электрондық пошта мекен-жайы: aina171173@mail.ru