Туребаева Қарлыгаш Хамзакызы

Туребаева Карлыгаш Хамзакызы
image-1
Инновациялық технологиялар колледжінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы

Білімі:

Жоғары: Қарағанды педагогикалық институты, «Физика және информатика» мамандығы

Жалпы еңбек өтілі: 31 жыл

Еңбек жолын 1993 жылы Жәйрем кентіндегі №30 орта мектепте физика пәнінің мұғалімі ретінде бастаған.

2025 жылдан бастап Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарады.

Жетістіктері:

  1. «Білім Нұры-2020» дипломы. Қаражал қаласының әкімі.
  2. Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі. «Ғылыми-техникалық прогресс – экономиканың негізгі буыны ретінде» бағыты, физика секциясы жеңімпазының жетекшісі. Ұлытау облысы, Жезқазған қ., 2024 ж.
  3. Оқушыларының жетістіктері:
  4. Мәскеу, Ресей – «Компьютерлік физика» халықаралық турнирі, компьютерлік шығармашылық конкурсы, «Физика» бағыты,
  5. 2-ші дәрежелі диплом, 2018 ж.
  6. Облыстық пәндік олимпиада – физика пәні бойынша 3-орын.
  7. Мәскеу, Ресей – «Компьютерлік физика» халықаралық турнирі, «Физика» бағыты, 2-ші дәрежелі диплом, 2017 ж.
  8. ҚР МАН ЦКО ғылыми-практикалық конференциясына қатысқаны үшін Алғыс хат.

Біліктілікті арттыру:

  1. «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің заманауи технологиялары» курсы (01.04.2024–12.04.2024), 80 сағат.
  2. «Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамыту» біліктілікті арттыру бағдарламасы, 2022 ж.
  3. «Қашықтан оқытуды үйренемін» курсы, 2022 ж.
  4. «Оқу үдересі және ЖИ: генеративті модельдер мен промт-инжиниринг өнері» курсы, 2025 ж.
  5. «Білім беру үдерісінде Жасанды интеллект құралдарын қолдану және енгізу: мүмкіндіктері, тәуекелдері және халықаралық тәжірибе» курсы (12.11.2025-22.11.2025), 72 сағат