Инновациялық технологиялар колледжінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы
Білімі:
Жоғары білім: Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, мамандығы – «Оқыту тілі орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті»
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім: Орталық Қазақстан Академиясы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі
Жалпы ғылыми-педагогикалық өтілі – 32 жыл.
Педагогикалық қызметін 1993 жылы Қарағанды қаласындағы №5 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған.
2003 жылдан бастап Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы болып жұмыс істеді.
2004 жылдан «Тілдер» кафедрасының аға оқытушысы лауазымын атқарды (Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледж).
2007 жылдан Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы қызметін атқарды.
2012 жылдан Көпсалалы гуманитарлық-техникалық колледждің «Экономика-құқық және гуманитарлық пәндер» бөлімінің жоғары санаттағы оқытушысы болып жұмыс істеді.
2022 жылдан бері Абылқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің Инновациялық технологиялар колледжінің «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының оқытушысы қызметін атқарады.
Жетістіктері:
- Қарағанды қаласы Ішкі саясат бөлімінің «Қаламыздың білім беру саласына қосқан еңбегі және қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін» Құрмет грамотасы, 2023 ж.
- Қарағанды облысы Білім басқармасының «Білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін» Құрмет грамотасы, 2019 ж.
- Қарағанды облысы Білім басқармасының «Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегін жоғары бағалап және қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін» Алғыс хаты.
- «Жаңашыл ұстаз» алғыс хаты. «Қазіргі заманғы технологиялар арқылы тәжірибе алмасып, bilimger.kz білім порталына авторлық материал жариялап, ғаламтор кеңістігін қолдану арқылы білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық-коммуникациялық технология бағыттарының дамуына үлес қосқаны үшін», 07.06.2018 ж.
- 8 Наурыз – халықаралық әйелдер күніне арналған «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты видеоролик және слайдтық презентациялар сайысында «Көрсетілім мазмұнының сайыс шартына сәйкестігі» номинациясы, ҚарМУ, Педагогикалық факультет, 2016 ж.
Біліктілікті арттыру:
- 05.03.2022–14.05.2022. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Қарағанды қаласы. Тақырыбы: «ТжКБ жүйесінің мазмұнын жаңарту жағдайында жалпы білім беру пәндері оқытушысының кәсіби құзыреттілігі», 80 сағат.
- 2020 ж. маусым. Қарағанды облысы бойынша курс: «Тіл оқыту үдерісінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану: әдістері мен тиімділігі», 72 сағат.
- 21.01.2019–25.01.2019. «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсы, тақырыбы: «ТжКБ жүйесінің мазмұнын жаңарту жағдайында жалпы білім беру пәндері оқытушысының кәсіби құзыреттілігі», 40 сағат.
- Сертификат. 07.06.2018 «Ахмет Байтұрсынов – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі» (www.bilimger.kz)
Еңбек қызметі барысында әзірлеген әдістемелік материалдары:
- 2017 жыл – 1 курс студенттеріне арналған жұмыс дәптері «Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі».
- 2018 жыл – «Кәсіби қазақ тілі» пәні бойынша 0516000 мамандығының күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы («Қаржы» мамандығы).
- 2024 жыл – Техникалық мамандықтарда оқитын студенттерге арналған «Мемлекеттік тілде іс жүргізу» оқу құралы.
