Т.А.Ә.: Мусин Айбек Абдукалыкович
Ғылыми дәрежесі: PhD докторы
Қызметі: доцент м.а.
1991 жылы 15 наурызда Ұлытау облысы, Қаражал қаласында дүниеге келген.
2012 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін “Тау-кен ісі” мамандығы бойынша бітірді.
2014-2016 жылдар аралығында Kaz Minerals компаниясында бұрғылап-жару учаскесінің тау-кен шебері болып жұмыс істеді.
2016-2018 жылдары “Қазақмыс” корпорациясы ЖШС, Абыз кенішінде инженер геотехник болып жұмыс атқарды.
2018-2021 жылдары “АК Алтыналмас” АҚ-ның Ақбақай жобасында геомеханик болып жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап Абылкас Сагинов атындағы Қарағанды техникалық университетінің “Пайдалы қазбалар кен орындарын игеру” кафедрасында аға оқытушы қызметін атқаруда.
2022 жылдың 30 маусымында “Аз қуатты кен орындарын игеру кезінде кеннің араласуын басқару үшін тау-кен жұмыстарын жүргізу параметрлерінің геомеханикалық негіздеу” тақырыбында диссертация қорғады. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасының 2022 жылғы 14 қазандағы №31 бұйрығымен 6D070700 – “Тау-кен ісі” мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.
Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты – тазарту камералары мен тіректердің параметрлерін есептеуге арналған технологиялық регламенттерді әзірлеу, көлденең тау-кен қазбаларын бекіту, аз қуатты кен денелерін өндіру кезінде қолданылатын технологиялық процестерді оңтайландыру, өндіру тиімділігіне әсер ететін әртүрлі факторларды зерттеу және тау-кен құрылымдарының тұрақтылығын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу. Геотехникалық зерттеулер және аз қуатты кен орындарын игеру кезіндегі бұрғылау-жару жұмыстарының оңтайлы параметрлерін негіздеу бойынша ғылыми-техникалық және өндірістік тәжірибесі бар. ISRM халықаралық стандарттарына сәйкес сандық талдау негізінде тау жыныстары массивінің кернеулі-деформацияланған күйін модельдеу тәжірибесіне ие.
Келесі гранттық жобалардың ғылыми жетекшісі:
-2022-2024 жылдарға арналған “Жас ғалым” жобасы бойынша жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін гранттық қаржыландыру шеңберінде “Аз қуатты кен орындарын игеру кезінде кеннің араласуын басқару үшін тау-кен жұмыстарын жүргізу параметрлерін геотехникалық шешімдер кешені негізінде оңтайландыру” тақырыбы бойынша;
-2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде “Жоғары тектоникалық белсенділігі бар аймақтарда тау-кен өнеркәсібі объектілерінің сақталуын қамтамасыз ететін пайдалы қазбалар кен орындарын игерудің ресурсты үнемдейтін технологияларын әзірлеу” тақырыбы бойынша.