Көлік, логистика және инженерлік экономика факультеті
Академиялық дәрежесі: педагогика ғылымдарының магистрі
Лауазымы: қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының оқытушысы
2018 жылы «Болашақ» Қарағанды академиясын «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 2020 жылы «Болашақ» академиясында аталған мамандық бойынша магистратураны тәмамдады. Педагогика ғылымдарының магистрі. 2018–2023 жылдар аралығында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданында баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Қазіргі уақытта «Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының оқытушысы.
Ғылыми еңбектері мен жобалары:
1. Ғылыми жоба:
«Жасанды интеллект технологиялары негізінде тілді кешенді оқыту жүйесін әзірлеу»
2024–2025 жж.
Жас ғалымдарға арналған грант аясында жүзеге асырылып, жоба нәтижесі бойынша сертификат берілді.
2. “Intertextuality in Kazakh, Russian, and English Language Media”
Ғылыми мақала. Eurasian Journal of Applied Linguistics, 10(3), 2024, 22–32 бб.
Scopus / Web of Science (Q2) базаларында индекстелген.
Сілтеме: https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=59482864200
3. «Қазақ медиа дискурсында фольклорлық прецеденттік атаулардың қолданылуы»
Ғылыми мақала. «Қарағанды университетінің хабаршысы. Филология сериясы» журналында жарияланған.
Сілтеме: https://philology-vestnik.buketov.edu.kz/index.php/philology-vestnik/article/view/668
4. «ЖОО-ларда қазақ тілін жасанды интеллект арқылы оқыту» Ғылыми мақала. «Университет еңбектері» журналында «Педагогика высшей школы. Экономика» бөлімінде жарияланған. file:///C:/Users/Qwerty/Downloads/32-69bd1c2c9cf82607455643.pdf
5. «Жасанды интеллект тілі – қазақ тілі болуы тиіс»
Ғылыми мақала. «Тіл және қоғам» журналы, №1 (59), 2024.
Сілтеме: https://tilalemi.kz/kz/library/list
6. «Қазақ тілін оқытуда ЖИ чат-боттарын пайдаланудың тиімділігі» Ғылыми мақала. «Тіл және қоғам» журналы, №2, 2025.Сілтеме: https://tilalemi.kz/uploads/books/20250723150421219.pdf
Ішкі телефон: 2051
Электрондық пошта: a.zhaldybayeva@ktu.edu.kzЖалдыбаева Айнур Жакыпбаевна