Жолдыбаева Гульнар Сабитовна

8888
image-1

1964 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Тау кен машиналары және жабдықтар» кафедрасының меңгерушісі. 1993 жылы «Тау кен машиналары және жабдықтар» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын бітірді.
Институтты бітіргеннен кейін 1993-1994 жж., РГШО машинажасау зауытының бас конструктор бөлімінде жұмыс істеді. 1994 жылының 1 қазанынан бастап Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Тау кен машиналары және жабдықтар» кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі болып істейді. Жалпы еңбек стажы 18 жыл, педагогикалық стажы 17 жыл.
Университетте жұмыс істеу кезінде «Түрақты жабдықтар», «Қосымша жабдықтар», «Тасымалдауға және сақтауға арналған жабдықтар» курстары бойынша дәрістік, тәжірибелік және зертханалық сабақтарды өткізді. Өндірістік, танысу, компьютерлік және оқу тәжірибелерін басқарады. «Түрақты жабдықтар», «Қосымша жабдықтар», «Тау кен механикасы», «Тасымалдауға және сақтауға арналған жабдықтар» курстары бойынша оқу құралдары және электронды оқулықтары дайындалды.
2006 жылдың 3 наурызда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 05.05.06 – Тау-кен машиналары мамандығы бойынша техника ғылымдарының кандидаты дәрежесін ізденуге «Қатпарлы конвейердің техникалық деңгейін жоғарылату» тақырыпты диссертациясын қорғады. 2010 жылдың 23 сәур ҚР жоғары білім және ғылым министрлігінің ЖАК шешімімен «Көлік, тауөкен және құрылыс машиналарын жасау» мамандығы бойынша доцент ғылыми дәрежесіне иеленді.
Фундаменталды және қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша ғылыми зерттеулерді өткізуге қатысты. «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша бакалавриат және магистратура бойынша мемлекеттік жалпыміндетті білімберу стандарттарының 1, 2 және 3 буынының және 10-дан астам типтік оқу бағдарламаның әзірлеушісі. ИСО 9000: 2000 сериялы халықаралық стандартттарға сәйкес сапа менеджменті жүйесін тексеру сарапшы-аудитордың оқуын және стажировкасын өтті, ҚарМТУ-нің СМЖ құжаттамасының нормабақылаушысы.
Жүргізілетін ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты – машинажасау нысандарының беріктігін есептеу теориясының дамуы. 30-тан астам баспа еңбеткері, монография, оқу құралы және электронды оқулықтары бар.

Ғылыми еңбектер

Aтау Баспа, журнал
1 Снижение абразивного износа загрузочных и разгрузочных устройств Научный журнал ПГУ им. Торайгырова. Вестник ПГУ. Энергетическая серия. №4, 2011, Павлодар. – с.21 – 24.
2 Продольные колебания конвейерной ленты Научный журнал ПГУ им. Торайгырова. Вестник ПГУ. Энергетическая серия. №1-2, 2012, Павлодар. – с.12 – 23.
3 Общие теоретические положения к расчету настила конвейера на ударную нагрузку. Труды Международного симпозиума «Информационно-коммуникационные технологии в индустрии, образовании и науке». Часть 1.КарГТУ, Караганда. 2012. – с.185 – 188.
4 Көмір өндірудің жаңа гравитациялық технологиясы. Казахстан, «Технология производства металлов и вторичных  материалов», №2 (22), 2012
5 Исследование режима работы очистного забоя, оборудованного комплексом типа КАМ, а также эффективность и область применения новой технологии. Горный информационно-аналитический бюллетень (научно-технический журнал). № 1, 2014, Москва. Изд-во «Горная книга»
6 Perfecting principles of «Support-Country» System Design. Германия, Eastern European Scientific Journal, №3, 2014
7 Методические указания к выполнению контрольных работ по «МЖГ», «Гидравлика», «ГПМиП» КарГТУ, Караганда, 2012. 39 с.
8 Медические указания к выполнению лабораторных работ по дисциплине «Гидропневматические машины и приводы» КарГТУ, Караганда, 2011. 49 с.
9 Методические указания по выполнению курсовой работы по «Компьютерной графике». Ч.1 Караганда, изд-во КарГТУ, 2013, 45 с.
10 Методические указания по выполнению курсовой работы по «Компьютерной графике». Ч.2 Караганда, изд-во КарГТУ, 2013, 25 с.
11 Учебно-методический комплекс дисциплины преподавателя (УМКДП) по «Гидропневматическим машинам и приводам» Караганда, КарГТУ, 2012, 146 с.
12 Гидропневматикалық машиналар және жетектер Караганда, КарГТУ, 2013
13 Компьютерлік графикасы Караганда, КарГТУ, 2014