Жанзаков Каржаубай Галимжанович 1966 жылы 18 мамырда Қарағанды облысы Осакаров ауданына қарасты Богучар аулында тудым. Қарағанды қ., Шахтеров даңғ., 3 үй, 71 пәтер мекен-жайы бойынша тұрамын. Ұлтым – қазақ. Қазақстан Республикасының азаматымын. Ана тілім – қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлей мін.
1973 жылы Богучар аулындағы орта мектептің бірінші сыныбына бардым. 1981 жылдан 1983 жылға дейін Қарағанды қ. Ленин көшесіндегі №2 мектеп-интернатта оқыдым. 1983 жылы 10 сыныпты аяқтадым. Богучар аулында қара жұмысшы болып жұмыс істедім.
1984 жылдан 1986 жылға дейін ГДР-да әскери борышымды атқардым. 1987 жылдан 1988 жылға дейін Қарағанды қ. Қарағанды политехникалық институтының даярлық бөлімінің тыңдаушысы болып қабылдандым. ҚПТИ-ға түскен соң кешкі оқу бөліміне ауыстым. Күндіз Ғылыми-зерттеу институтында лаборант болып жұмыс істедім. 1990 жылдан 1999 жылға дейін «Караганда-лифт» ЖШС-да электромеханик болып қызмет атқардым. Білімім – жоғары, Қарағанды мемлекеттік политехникалық университетінде «Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару инженері» мамандығына оқыдым.1999 жылдан 2008 жылға дейін Талғат Бигелдинов атындағы Қарағанды республикалық әскери мектебінде взвод командирі болып жұмыс істедім. 2008 жылдан 20011 жылға дейін Шет ауданы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ауыстыруы бойынша департамент бастығының орынбасары болып қызмет атқардым. Қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде әскери-техникалық факультетінің «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеймін. «Қазақстан Республикасының қарулы күштеріне 10 жыл», «Мінсіз қызметі үшін 10 жыл», «Мінсіз қызметі үшін 15 жыл» медальдарымен марапатталғанмын.
Алматы қ. «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсынан өткендігім туралы сертификат бар.