Кенжебек Ақсәуле Серікбайқызы

Кенжебек фото
image-1

Энергетика, автоматика және телекоммуникация факультеті

«Энергетикалық жүйелер» кафедрасы

Лауазымы: Энергетикалық жүйелер кафедрасының ассистенті.

Ғылыми атақ: «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша техника және технология магистрі.

Өмірбаян:

2017 жылы «Приборлар жасау» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін үздік бітірді, 2019 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Жылу энергетикасы» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.

 

2017-2018 жылдары Сырттай қашықтықтан оқыту факультетінің әдіскері, 2018 жылдың қыркүйек айынан 2019 жылдың қаңарына дейін «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының лаборанты болып жұмыс істеді. 2019 ж. ақпан-тамыз айларында «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының инженері болып жұмыс істеді, 2019 ж. қыркүйек айынан  бастап «Энергетикалық жүйелер» кафедрасының ассистенті болып ауысты.

Кафедрада  ОӘК-ға жауапты, келесі пәндер бойынша зертханалық және практикалық сабақтарды жүргізеді:

  • «Электротехниканың теориялық негіздері»
  • «Электр тiзбектерiнiң теориясы»
  • «Турбиналық қондырғылар»
  • «Климаттың өзгеруі және жасыл энергетика»
  • «Жылу энергетикадағы АЖЖ»
  • «Жылу желiлерiнiң гидравликалық есебi»
  • «Электр станциялар және қосалқы станциялар»
  • «Электротехника»

Жұмыс істеген уақыты ішінде соавторлармен бірге 5  ғылыми мақалалар мен баяндамалар жарияланды, бір электронды оқу құралы әзірленген, 2 авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктер алынған.

Электрондық поштасы: aksaulek@mail.ru