Шарипова Руфина Мнировна

1
image-1

Инженерлік экономика және менеджмент факультеті

Лаузымы –  ҚХА және ӘГП кафедрасының аға оқытушы 

Білімі. 

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Әлеуметтанушы. Әлеуметтану оқытушысы» біліктілігі бойынша үздік  бітірген.

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистратурасын «Философия магистрі» академиялық дәрежесі бойынша үздік бітірген.

Университетті бітіргеннен кейін Алматы экономика және статистика академиясында әлеуметтану және философия пәнінің оқытушысы болып жұмыс істеді. 2007 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтының философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы лауазымына қабылданды. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының әлеуметтік зерттеу оқу-ғылыми орталығын басқарды. Семей қаласындағы «Қоғам» аймақтық әлеуметтік зерттеу орталығының меңгерушісі болып істеді. Қазақстан әлеуметтанушылары Қауымдастығының мүшесі.

Әлеуметтік жобаларға қатысты. ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша «Ана мен бала» пилоттық жобасының әзірлеушісі болды.

Жұмыс барысында Семей қаласы әкімінің алғыс хатымен, грамоталарымен марапатталды.

Біліктілікті арттыру:

«Гештальт және психодрама элементтерімен психологиялық кеңес беру» курсы (Сертификат № ОПК2 – 0014; көлемі 80 сағат; IV модуль; Қарағанды )

МГжПИ жанындағы «Психодрама» курсы бойынша оқыту (Мәскеу гештальт және психодрама институты)

«Далалық зерттеуші – сапалылық мектеп-студиясы» қосымша кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша оқыту (қысқа мерзімді біліктілікті арттыру туралы куәлік. Тіркеу нөмірі 19-022; көлемі 72 сағат; Ресей Ғылым академиясының Федералды ғылыми – зерттеу социологиялық орталығының ғылыми-білім беру орталығы.  Мәскеу, 2019ж.)