Поверникова Светлана Дмитриевна

Поверникова
image-1

 

 

 

 

Факультеті: Машина жасау

Ғылыми дәрежесі: жоқ

Ғылыми атақ: жоқ

Қызметі: «Дәнекерлеу және құю өңдірісі» кафедрасының  оқытушысы .

Өмірбаян:

1967 жылдың 8 маусымында Қарағанды облысы, Саран қаласында дүниеге келді.

1974 жылы Қарағанды облысы, Ақтас ауылының  №16 орта мектебінің бірінші сыныбына барып,1982 жылы  бітірді.

1982 жылы Н.В Гоголь атындағы Алматы көркемөнер училищесіне түсіп, суретші-шебер мамандығының иесі атанып,1986 жылы жақсы аяқтады.

1986 жылдан 2006 жылға дейін Қарағанды облысының Қазақстан суретшілер Ұйымының Қарағандылық көркемөнер-өңдіріс шеберханаларында керамика бойынша суретші-ұста есебінде қызмет атқарды.

1992 жылдан Е.А. Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті кәсіби –суретші факультетінде оқып, бейнелеу өнері мен сызу оқытушы мамандығын игеріп, 1997 жылы  бітірді.

1999 жылы Қарағанды облыстық білім беру қызметкерлері мамандығын көтеру институтында «дизайн және техникалық графика» ұстаз курсын оқып бітірді.

1998 жылдан 2002 жылға дейін. Е.А Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің аспирантурасында 13.00.01- жалпы педагогика, білім және педагогика тарихы,этнопедагогика мамандығы бойынша оқыды.

2002 жылдан 2003 жылға дейін дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернатының дизайн,графика және сызу мұғалімі болып жұмыс істеді.

2002 жылы II Республикалық фестивалінің әлеуметтік-педагогикалық жобаларында дарынды балалар мен жасөспірімдердің жұмыс істеу аймағы бойынша «Дарынды балаларға арналған тәрбие –білім  жұмысының шығармашылық бастауы» номинациясы бойынша димпломмен мадақталды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін  Қарағанды Мемлекеттік техникалық университеті колледжінде ақпараттық технология және кәсіпкерлік мамандығы бойынша окытушы кызметін атқарды.

2007 жылы Қарағанды Мемлекеттік Техникалық университетінде ҚМ және БТ кафедрасында лаборант кызметіне қабылданды.

2012 жылдан «Механика » кафедрасына ауыстырылды. 2013 жылдан бастап «Дәнекерлеу және құю өңдірісі» кафедрасының  оқытушысы кызметіне ауыстырылды.

Ішкі телефон: 10-84

Электрондық почта адресі: s.povernikova@mail.ru

Ғылыми еңбектері