Жетпісбай Шолпан Аханқызы, педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
1984 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-інің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірді.
1989 жылдан бастап ҚарТУ-да жұмыс істейді.
2015 жылы Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-інің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
Көп жылдар бойы «Жол-көлік факультеті» деканының орынбасары қызметін атқарды.
2015-2024 жылдары «Серпін-2050» оқу орталығының жетекшісі қызметін атқарды.
Scopus және Web of Science дерекқорларында индекстелетін басылымдарға бірнеше мақаласы жарияланды.
2021-2023 жылдары гранттық қаржыландыру шеңберінде “Латынграфикалы “Qazaq tili” В1, В2 деңгейлеріне арналған web оқулықтарын инновациялық технологиялар арқалы әзірлеу (Жоғары оқу орнындағы білім беруге арналған)” ғылыми-зерттеу жобасының мүшесі болды.
4 оқулық, 20 оқу-әдістемелік құралын, 4 электронды кітап, 12 электронды оқыту құралы және слайд-дәрістердің авторы, 20 артық ғылыми мақаласы жарияланды, монографияның авторы.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен, сонымен қатар университетіміздің 60 жылдығына орай «Ерен еңбегі үшін» төс белгісімен, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» – «Серпін» және ректораттың алғыс хаттарымен марапаталған. Тіл саясатын дамытуға қосқан ерекше үлесі және тілді дамыту саласының қызметіне белсенді қатысқаны үшін «Ана тілін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және куәлігімен марапатталды.
Электронды почта адресі sh.zhetpisbay@ktu.edu.kz
