Жол-көлік факультеті
Қызметі: Қазақ тілі және мәдениеті кафедрасының аға оқытушысы
1997 ж. О.А. Байқоныров атындағы Жезқазған университетін бітірді. 2001 жылдан бастап ҚарМТУ-да қызмет атқарады. 2005-2008 жылдар аралығында қазақ тілі және әдебиеті кафедрасын басқарды. 30 астам жарияланған жұмыстары бар, соның ішінде монографиялар мен оқу құралдары. Тіл саясатын жүзеге асыру мақсатымен өткізілген шараларға белсенді қатысып, қазақ патриотизмін және ұлтаралық ынтымақтастықты нығайтуға тигізген үлесі үшін Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.