Жукебаева Тулеш Жукебаевна

image001
image-1

Факультет: машина жасау

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: доцент

Лауазымы: доцент

Биография:

 

Жукебаева Тулеш Жукебаевна, 1940 жылы дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасының доценті, техникалық ғылымдар кандидаты, жоғары техникалық білім алған.

1958 жылы Қарағанды қаласының № 3 орта мектебін аяқтағаннан кейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Қара металдар металлургиясы» мамандығына оқуға түсті. 1963 жылы «Шойын металлургиясы» кафедрасында көмекші қызметін атқаруға қабылданды.

1966–1969 ж.ж. Мәскеудің болат және қоспалар институтында (Московского института стали и сплавов) аспирантурасында оқыды. Кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейін «Құю өндірісі» кафедрасының аға оқытушысы болды, ал 1971 жылдан бастап доцент атағы бар.

ҚарМТУде жұмыс істген жылдары доцент Жукебаева Т.Ж. кафедра мен факультетте оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысты. Ол «Құю қорытпалары және балқыту», «Металлургиялық процесстер теориясы», «Металлография», «Материалтану» пәндері бойынша оқу-әдістемелік құралдар әзірледі. «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығына арнлған типтік бағдарламасы жасалған. Ол магистранттардың ғылыми жетекшісі және дипломдық жұмыстардың бақылаушысы. Ол бастаған «Металлургия» мамандығының студенттері Республикалық Олимпиаданың жүлдегерлері. Ғылыми мүдделер саласы –құю-металлургиялық өндірістегі физико-химиялық үдірістер. Ғылыми еңбектер-мақалалары, 100 аса оқу құралдары бар. Металлургия мен машина жасау салаларында мамандарды дайындау атқарған көп жылдық еңбегі үшін Жукебаева Т.Ж. «Еңбек ерлігі» медалімен (1976 ж.), ҚР БҒМ алғыс хаттарымен (1980 ж.), 2005 және 2013 жылдары облыс әкімнің мақтау қағаздарымен марапатталған.

Жұмыс телефоны: 8(7212) 565935 доб. 1024

Ішкі телефоны: 1024

Электрондық пошта адресі: t.zhukebaeva@mail.ru

Ғылыми еңбектер: