Жаркенов Нурсултан Балгаевич

нурс
image-1
Жол-көлік факультеті

Ғылыми дәрежесі:жоқ

Ғылыми атағы: жоқ

Лауазымы:  ҚТ және ЛЖ кафедрасының оқытушысы, докторант

 

 

 

Өмірбаян

Қарағанды облысы, Нұра ауданына қарасты Кертінді ауылында 23 қараша 1991 жылы дүниеге келген. Ұлты қазақ. 1998 жыл мен 2009 жылдар аралығында М. Сүлейменов атындағы Кертінді ауылының  орта мектебіне білім алған.

2009 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің жол-көлік факультетінің 5В071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығына түсіп, 2013 жылы үздік аяқтап, бакалавр атағына ие болды.

2013 жылдың күзінде 6М071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығына ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратураға түсіп білімімді жоғарлаттым. 2015 жылы магистратураның толық курсын аяқтап,техника және технологиялар магистрі академиялық атағы берілді. Магистратураны аяқтай сала, 2015 жылдың шілде айында кафедраның инженері қызметіне тағайындалды.Сол жылы күзде 6D071300 – «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығына докторантураға түсіп, кафедрада ассистент қызметін атқарса, 2017 жылдан осы уақытқа дейін «Көлік техникасы және логистикалық жүйелер» кафедрасының мамандық бойынша оқытушы қызметін атқарып жүр.

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді қатысып, соның ішінде 14 ғылыми басылымы бар, оның ішінде 2-уі СКОПУС базасында, 4-уі РИНЦ базасында жарияланған. 2014  жылы Қытай, Харбин қаласының Харбин техникалық университетінде, 2016 жылы Братиславия, Словакия техникалық университетінде білімін жоғарылату барысында ғылыми іс-тәжірибеден өтті.

 

Жұмыс телефоны: 56-39-32

Ішкі байланыс телефоны: 2049

Электрондық пошта: n.zharkenov@kstu.kz