Такибаева Алтынарай Темирбековна

DSC_3566+++
image-1

Факультет: ИТФ

Ғылыми дәреже:химия ғылымдарының кандидаты

Қызмет: Х және ХТ кафедрасының доценті

Өмірбаян

Білімі: 2003 жылы «Қолданбалы экология (салалар бойынша)» мамандығы бойынша эколог-инженер квалификациясын иелене отырып, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін үздік дипломмен бітірді. 2006 жылы ол «Моноэтаноламиннің кейбір винилді эфирітуындыларының синтезі, құрылымы және реакциялық қабілеттілігі»тақырыбында химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғады.

Жұмыс тәжірибесі:

2003 ж. – органикалық синтез және көмір химиясы институты «Биологиялық белсенді заттар синтезі» зертханасының кіші ғылыми қызметкері;

2006 ж. – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Өнеркәсіптік экология және химия»кафедрасыныңассистенті;

2008 ж. маусым айынан – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Өнеркәсіптік экология және химия»кафедрасының аға оқытушысы;

2008 ж. шілде айынан – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Өнеркәсіптік экология және химия»кафедрасының доценті / Қарағанды мемлекеттік техникалық университетістуденттер Кәсіподағының төрағасы;

2010 ж. қазан айынан – АҚ Халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі «Фитохимия» аға ғылыми қызметкері;

2014 ж. қыркүйек айынан – Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Өнеркәсіптік экология және химия» кафедрасының аға оқытушысы;

2017 ж. қантар айынан және және қазіргі уақытта – Қарағанды техникалық университеті «Өнеркәсіптік экология және химия» кафедрасының доценті.

Ғылыми зерттеу саласы: өсімдік тектес табиғи заттар мен олардың синтетикалық аналогтары негізінде жаңа биологиялық белсенді заттардың синтезі.

Басылымдар: барлығы 60-тан астам жұмыстары, оның ішінде: 4 монография қосалқы авторлар, 5 оқулық, 31 мақала, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы 1 сертификат, өнертабысқа 3 ҚР патент.

Марапаттаулар:

2015 ж. – ҚарМТУ-дың дамуына зор үлесі қосқан үшін «А.С. Сагинов академигіне 100 жыл» мерейтой медалімен марапатталды;

2016 ж. – «ЖОО үздік оқытушысы» ҚР БҒМ грантының иегері.

Қоғамдық жұмыс: ХТОВ-16-1 тобының кураторы. 5В070700 – Тау-кен ісі мамандығының студенттері үшін «Тау-кен өндірісінің экологиясы» пәні бойынша ОЖСБ-на дайындау консультанты. Екі рет факультеттер мен кафедралардың жаңа оқу жылына – 2015/2016 о.ж., 2016/2017 о.ж. дайындығына кешенді бағалау жүргізу комиссиясына мүше болды.

Жұмыс телефоны: 56-79-32

Электрондық поштаның мекенжайы: altynarai81@mail.ru

Список трудов