Шеров Карибек Тагаевич

SHerov
image-1

Факультет: Машинажасау

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының  докторы

Ғылыми атағы: профессор

Лауазымы: профессор, Халықаралық машинажасаушылар одағының мүшесі

Өмірбаяны:

Еңбек өтілі – 1982 жылдан 1991 жылға дейін Навои құрылыс басқармасының механикаландыру бөлімінде слесарь оқушысы, ЖМҚ жөндеу бойынша механик, ӨЖЖ бөлімшесінің құралшысы, ТЖӨ инженері.

1990 жылы «Машина жасау технологиясы, металл кесуші станоктар мен құралдар» мамандығы бойынша Бұхара азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп технологиялық институтын бітірді. 1991 жылдан 2007 жылға дейін Навои мемлекеттік тау-кен институтында ассистент, аға оқытушы, энергетика-механика факультетінің декан орынбасары (1996-1998), «Машина жасау технологиясы» кафедрасының меңгерушісі (1998-2004), энергетика-механика факультетінің деканы (2004- 2007 ж.) болып жұмыс істеді.

Жалпы еңбек өтілі – 35 жыл, педагогикалық қызметтегі өтілі – 27 жыл.

1999 жылы А.Р. Беруни атындағы Ташкент мемлекеттік техникалық университеті жанындағы 05.03.01 – «Механикалық және физикалық-техникалық өңдеу процестері, станоктар мен құралдар» мамандығы бойынша диссертациялық кеңесте «Жоғары жиілікті салқындатуымен термофрикциялық кесуде сапаны басқару» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

2010 жылы Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде Д14.17.02 диссертациялық кеңесінде 05.03.01 – «Механикалық және физикалық-техникалық өңдеу технологиялары және жабдықтары» мамандығы бойынша «Металл кесуші станоктардың бағыттауыштарының функционалды байланысқан беттерін өңдеудің дәлдігі мен сапасын технологиялық қамтамасыз ету» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.

2007 жылдан бастап Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Машинажасау технологиясы» кафедрасында доцент (2007-2010) және профессор (2010-2013) қызметінде жұмыс істеді. 2014 жылдың қаңтарынан 2015 жылдың қыркүйек айына дейін «Машинажасау технологиясы» кафедрасының меңгерушісі болды.

2013 жылы ҚР БҒМ БҒСБҚ шешімімен профессор ғылыми атағы берілді.

360 – тан аса ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектері, оның ішінде 7 монография, 7 оқу құралы (ҚР Білім және ғылым министрлігінің мөрі), 45 оқу құралы, өнертабысқа 39 патент, авторлық құқық объектісіне құқықты мемлекеттік тіркеу туралы 18 сертификат жарияланды. Қазіргі уақытта оның жетекшілігімен 5 магистрлік және 4 докторлық диссертация орындалуда.

Шеров К.Т. осы уақытқа дейін машинажасау мамандығы бойынша 1 техника ғылымдарының докторын, 3 PhD философия докторын және 28 магистр дайындады.

2014, 2015 және 2016 жылдары «TOP-50» рейтингінде (жоғары оқу орындарының арасында) АРТА рейтингісінің негізінде Қазақстан Республикасы ЖОО-ның педагогикалық ұжымының рейтингінде тиісінше, 22-ші, 18-ші және 17-ші орындарды иеленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2011 жылдың үздік оқытушысы» Республикалық грантының иегері.

«Шапағат-2013» өнертапқыштық саласындағы жетістіктердің республикалық конкурсының дипломы бар. 2013 жылы ҚарМТУ-да «Үлгілі ғалым» номинациясында 3 орын алды. Ғылым мен техниканың дамуына ерекше үлес қосқан ғалымдар мен мамандарға арналған Мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері (2014ж.).

2015 жылы «Құрметті машижасаушы» төс белгісімен марапатталды.

Жұмыс телефон: 8(7212) 56-59-35

Ішкі телефон: 1066

Электронды поштанын адресі:  : shkt1965@mail.ru, k.sherov@kstu.kz

Ғылыми енбектері