Сәбденбекұлы Өмірзақ Сәбденбекұлы

СО1
image-1

«Маркшейдерлік іс және геодезия» кафедрасынның профессоры, техника ғылымдарының докторы. 1962 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Тербеліс үрдісін, оның ішінде сейсмологиялық және әр түрлі деформация түрлерінің айқындалған ошақтары-ның орындарын  болжау мақсатымен  тау-кен  жыныстарының шыңтастарының жағдайын бағалау үшін «Ө.С БАБО»  (Өмірзақ Сәбденбекұлы. Бірлік алаңша-лардағы бағандардың орнықтылығы) тәсілі  дайындалған. «Ө.С. БАБО»  тәсілі  пайдалы қазбаларды өндіру жұмыстары жүргізілетін жерлерде, гидро-құрылыстар, градоқұрылыстар және т.б. салынып жатқан аймақтарда гео-механикалық және экологиялық жағдайларға техногендік факторлардың ықпалын бағалауға мүмкіндік береді. Өмірзақ Сәбденбекұлы  5 ғылым  кандидаттарын дайындады. Ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 112, оның ішінде 106-сы кандидаттық диссертациясын қорғағаннан кейінгі еңбектері, 3 оқу құралы, 2 ғылыми монография сы, 3 авторлық  куәлігі,  1 патенті, 14  предпатенті бар. 1993ж.  Жезқазған  облысының  білім және ғылым, мәдениетті дамыту  қорының  дипломымен,  2005ж.  О.А. Байқоңыров атындағы  ЖезУ-нің алтын белгісі мен алғысхатпен марапатталды.