Көлік, логистика және инженерлік экономика факультеті
Академиялық дәрежесі: Педагогика ғылымдарының магистрі
Қызметі: «Қазақ тілі және мәдениеті» кафедрасының аға оқытушысы
2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 2013 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша «МГТИ-Лингва» Орталық-Қазақстан университетінің магистратурасын бітіріп, педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алды.
Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде бастады.
2000 жылы «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының лаборанты ретінде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетіне (ҚарМТУ) жұмысқа қабылданды.
2007 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) аттестациялық комиссиясының шешімімен «Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасына оқытушы ретінде, ал 2017 жылы – аға оқытушы ретінде қабылданды.
2017 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін КЛИЭФ деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндетін атқарып келеді. Сонымен қатар, 2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін 1 курс топ студенттерінің кураторы болып табылады.
2024 жылы 2023-2024 оқу жылындағы жоғары жетістіктері және «Үздік куратор» байқауында «Жылдың үздік кураторы» номинациясы бойынша І орын алғаны үшін Басқарма төрағасы – Ректор Сәуле Саветқызы Сағынтаеваның құрмет грамотасымен марапатталды.
2007-2026 жылдар аралығында 70-тен астам ғылыми еңбектің авторы атанды. Олардың ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған журналдарда жарияланған 9 мақала, авторлық құқық нысанына мемлекеттік құқықты тіркеу туралы 10 куәлік, 1 ғылыми монография, 8 оқу құралы бар. Сонымен қатар, ашық онлайн курс аясында бірнеше бейнелекция әзірледі.
Жұмыс телефоны: 56-59-32
Ішкі телефоны: 1123
Электрондық поштасы: m.ospangalieva@ktu.edu.kz