Нуркенов Оралғазы Ақтаевич

Nurkenov
image-1

Факультет: ИТФ

Ғылыми дәреже: химия ғылымдарының докторы

Қызмет: Х және ХТ кафедраның профессоры

Өмірбаян:

Профессор Нүркенов О.А. – нәзік органикалық синтездеудің жоғары білікті маманы.
Ол 440-тан астам ғылыми жұмыстардың бірлескен авторы, оның 10-ы монографиялар, 8-і КСРО авторлық куәлігі және 5-і ҚР алдын-ала патенті және инновациялық патенттер болып табылады.
Оның көптеген мақалалары импакт-факторы жоғары «Mendeleev Communications», «Журнал общей химии», «Журнал органической химии», «Химия природных соединений», «Химия гетероциклических соединений», «Известия РАН» секілді халықаралық басылымдарда жарияланған, сонымен қатар 90-нан астам мақаласы Web of Science компаниясының ақпараттық қорының басылымында.
Web of Science қорының берілгендері бойынша профессор О.А.Нүркеновтың Хирш индексі 6 құрайды.

Оның ғылыми қызығушылықтарының шеңберіне өсімдік тектес табиғи қосылыстардың негізіндегі жаңа биологиялық белсенді қосылыстарды оның құрылымын түрлендіру арқылы синтездеу бағыттары кіреді. Оның 670-тен астам синтезделген жаңа органикалық заттар санынан келешекте медициналық тәжірибеде кең қолданысын табуы мүмкін ісікке қарсы, гепатопротекторлы, гипертензивті, туберкулезге қарсы, ноотропты қасиетке ие және басқа да биобелсенді түрлерге ие жоғары эффективті препараттар табылды. Ол медициналық тәжірибеге отандық «Цитафат» гепатопротекторын енгізуі бойынша жасап шығарушылардың бірі болып табылады. 1999 жылы алкалоидтар негізінде жаңа биологиялық белсенді заттарды жасаудағы жоба үшін «Синтез и модификация природных соединений – 98/99» («Табиға қосылыстарды синтездеу және түрлендіру – 98/99») ғылыми жобалардың халықаралық сайысының дипломымен марапатталды. 2001 жылы «Химия и биологическая активность азотистых гетероциклов и алкалоидов» 1-ші халықаралық конференциясында «За особый вклад в развитие современных методов синтеза и модификации гетероциклов» номинациясы бойынша Нүркенов О.А. және лабораторияның басқа да қызметкерлері естелік алтын алқамен марапатталды.

2015 жылы Нүркенов О.А. Орталық Азия және Қазақстандағы авторлар арасында ең көп мақала саны бойынша және  Springer баспасының журналдарында ең көп дәйексөзге  ие болғаны үшін Springer басылымының атынан және Ғылыми-техникалық ақпараттың ұлттық орталығының атынан “Top author Springer – 2015” естелік дипломымен марапатталды.

Негізгі еңбектері: 

1. Нуркенов О.А., Фазылов С.Д., Кулаков И.В., Мусина Л.А. Алкалоид анабазин и его производные. – Караганда: Гласир, 2010. – 224 с.

2. Кулаков И.В., Нуркенов О.А., Ильин А.И., Кулманов М.Е. N-аминогликозиды: методы синтеза, строение и биологическая активность. – Караганда: Гласир, 2010. – 156 с.

3. Нуркенов О.А., Кулаков И.В.,  Фазылов С.Д. Синтетические трансформации алкалоида цитизина.  – Караганда: Гласир, 2012. – 210 с.

4. Нуркенов О.А., Фазылов С.Д., Турдыбеков К.М., Мулдахметов М.З. Эфедриновые алкалоиды и их производные. – Караганда: Гласир, 2014. – 264 с.

5. Нуркенов О.А., Газалиев А.М., Кабиева С.К., Такибаева А.Т. Алкалоид лупинин и его производные. – Караганда: Гласир, 2016. – 112 с.

7. Нуркенов О.А., Сатпаева Ж.Б., Фазылов С.Д., Газалиев А.М. N-Ацилгидразиды и их производные. – Караганда: Гласир, 2017. – 144 с.

Жұмыс телефоны: 56-79-32

Электрондық поштаның мекенжайы: nurkenov_oral@mail.ru