Намазбаев Тлеухан Серикбаевич

Газалиев Арстан Мауленович
image-1

Факультет: Энергетика, автоматика және теле байланыс факультеті

Ғылыми дәрежесі: техникалық ғылымдар докторы

Ғылыми атағы:  профессор

Қызметі:  профессор

Өмірбаяны: Намазбаев Т.С. 1948 жылдың 10 қыркүйегінде Талдықорған обласының Гвардейский районының Кугалы селосында дүниеге келді. 1966 жылы орта мектепті тәмамдағаннан кейін В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының автоматика және есептеу техникасы факультетіндегі “Электронды есептеуіш машиналар” мамандығына түсті.
Институтты сәтті тәмамдағаннан кейін 1971 жылы ғылыми және өндірістік іс әрекетін Қарағанды қаласындағы ҚазКСР ҒА Химия-металлургия институтының пирометаллургиялық үрдістерінің зертханасында бастады.
1977 жылы Намазбаев Т. С. “ВНИИАчермет” ТКБ Қарағанды филиалының, кейіннен “Казчерметавтоматика” АҚ институтына ауыстырылған, бригадасында басшы қызметіне жұмысқа шақырылды.
1981 жылы ТҮАБЖ зертханасының меңгерушісі, ал 1984 жылы болат балқытатын өндірісті автоматтандыру бөлімінін меңгерушісі қызметін атқарды, 1995 жылы бас директордың орынбасары, вице-президент болып тағайындалды.
2000 жылдың қаңтар айында “Казчерметавтоматика” АҚ институтының президенті қызметіне тағайындалды және осы қызметті осы күнге дейін жалғастыруда.
1980 жылы Намазбаев Т.С. И.П. Бардин атындағы Қара металлургияның орталық ғылыми зерттеу институтындағы аспирантураға түсті (Мәскеу қ.).
1984 жылы 05.16.02 – “қара металлдар металлургиясы” мамандығы бойынша И.П. Бардин атындағы ҚМҒЗИО мамандандырылған ғылыми кеңесінде техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін іздену үшін диссертация қорғау арқылы аспирантураны сәтті аяқтады (Мәскеу қ.).
1996 жылы Ақпараттандыру Халықаралық Академиясының академигі ретінде сайланды.
Автоматтандыру құралдары мен жүйелерін әзірлеу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының жоғары ғылыми дәрежесі Намазбаев Тлеухан Серікбаевичке “Казчерметавтоматика” АҚ институтының “ҚР МШКҚӨ ҰО” РМК және Әл-Фараби атындағы ҚазҒУ-мен қоса жүргізген жабық тақырып бойынша 2005 жылдың 16 қарашасынан №1131 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Үкіміне сәйкес “Қазақстанның жоғары технологиялық өнімін әлемдік нарыққа – тұрақты изотоптар нарығына шығуын қамтамасыз ететін ғылыми-техникалық және ақпараттық-аналитикалық жұмыстарының кешені” жұмысы үшін  Ғылым, техника және білім саласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын табыс етуі арқылы дәлелденеді.
2006 жылы Намазбаев Т.С. 05.15.02 – қара, түсті және сирек металлдар металлургиясы мамандығы бойынша “Металлургиядағы технологиялық үрдістерді бақылау мен басқарудың жаңа әдістері” тақырыбына техникалық ғылымдар докторы ғылыми дәрежесін іздену бойынша диссертацияны сәтті қорғады.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай Намазбаев Т. С. “Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл” мерейтойлық медалімен марапатталған, сонымен қатар, тапсырыс берушілердің нәтижелі әріптестік және қала мен облыс дамуына қосқан үлесі үшін мадақтау қағаздарымен марапатталған.
2007 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша Өнеркәсіптің отандық салаларындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының өндіріс және сауда министрлігінің мадақтау хаттарымен марапатталған.
2009 жылы “Құрмет” орденімен марапатталған.
Намазбаев Т.С. 150-ден аса ғылыми жұмыстардың, соның ішінде 50-ден аса өнертабыс авторы.

Жұмыс телефоны: 56-75-98

Ішкі телефон: 2055

Электрондық почта адресі: kazchermet@rambler.ru

Ғылыми еңбектері: Ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектерінің тізімі