Муравлев Вячеслав Константинович

Газалиев Арстан Мауленович
image-1

Факультет: Энергетика, автоматика және теле байланыс факультеті

Ғылыми дәрежесі: физика-математика ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: жоқ

Қызметі: доцент

Өмірбаяны: 1955 жылы әскери отбасында дүниеге келді. Мектепті бітірген соң 1973 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің Физика факультетіне түсті, мұндағы оқуын 1978 жылы аяқтады. Университетті тәмамдаған соң  Химия-металлургия институтының «Жану үдерістерінің электрофизикасы» зертханасында т.ғ.д. Фиалкова Б.С. басшылығымен жұмыс атқарды, алғашында лаборант, кейіннен кіші ғылыми қызметкер болды. Күндізгі аспирантураға түсіп, оқуды аяқтағанда 1989 жылы Одесса мемлекеттік университетінде физика-математикалық ғылымдар кандидаты дәрежесін қосымша ізденуге диссертацияны қорғады. Химия-металлургия институтында алдымен аға ғылыми қызметкер, кейінен бас ғылыми қызметкер лауазымында жұмыс істеуді жалғастырды, Химия-физикалық бөлімде секторды басқарды. 2000 жылы  «Казчерметавтоматика» АҚ жұмыс істеуге ауысты және КО-10 бөлімін басқарды. Төрт жылдан соң бас инженер болды, содан соң осы жерде, яғни «Казчерметавтоматика» АҚ ғылым бойынша директордың орынбасары болды. Конструкторлық және ғылыми-зерттеу жобаларын басқарды, жобаланған өлшеу приборлары мен комплекстерін шығару және сынауды бақылады. Сонымен қатар, ҚарМТУ «Прибор жасау» кафедрасының филиалының жұмысына қатысып,  дәрістер оқыды, өңдірістік практика бойынша сабақтарды өткізді. 2013 жылы ҚарМТУ «Прибор жасау» кафедрасының доценті лауазымына жұмысқа ауысты. 2014-2015 оқу жылы жылы осы кафедраның меңгерушісі болды. Журналдар мен монографияларда 90 астам басылымдары бар, 14 авторлық куәліктер мен патенттерге ие. Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры, «Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік консорциумының» марапаты бойынша департаментінің  “Wilhelm Leibniz”  алқасымен марапатталды.

Жұмыс телефоны: 56-75-98

Ішкі телефон: 2055

Электрондық почта адресі: muravlev@inbox.ru

Ғылыми еңбектері: Негізгі ғылыми еңбектерінің тізімі