Куликов Виталий Юрьевич

image001
image-1

Машина жасау факультеті

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: доцент

Лауазымы: «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасының доценті

Биография:

Куликов Виталий Юрьевич, 1975 жылы 3 желтоқсанда ҚР Қарағанды облысында дүниеге келген, орыс, жоғарыбілім, 1998 жылы «Машиналар және құю өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша ҚарМТУ үздік белгімен аяқтады.Металлургия, нанотехнология и материалтану саласында білікті маман.

1998–2000 ж.ж.«Машиналар және құю өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша ҚарМТУ магистратурасында оқыды, және үздік белгімен аяқтады.

2001–2003 ж.ж. «Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС–ның құю цехының ауысымды басқаратын шебер болып жұмыс істеді, 2004 ж. құю цехыныңтехнологы қызметін атқарды,құю цех бастығының міндетін атқарған. Өндірістік қызметін педагогикалық жұмыспен қатар алып жүрген.

2002–2004 ж.ж. «Құю өндірісі» мамандығы бойынша ҚарМТУ аспирантурасында оқыған.

2001–2008 ж.ж. Куликов В.Ю. – «Машиналар, құю өндірісі және конструкциялық материалдар» кафедрасының көмекшісі, оқытушысы, аға оқытушысы, 2008 жылы ҚарМТУ «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасының доценті. 2009 ж. ҚарМТУ «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушысы болып тағайындалды. 2010 жылы конкурс бойынша ММ және Н кафедрасының меңгерушісі қызметін алды.

2007 жылы 30 қарашада 05.16.08 – Теория металлургических процессов мамандығы бойынша техникалық ғылымдар кандидаты дәрежесін алу үшін «Разработка моделей дисперсной песчано-смоляной смеси с целью оперативного управления ее структурой» тақырыбына диссертация қорғады.

Нәтижесінде жалатылған және жалатылмаған қоспалардан жасалған қабықшалы қалбылардың беріктігі және тығыздықтың қалыптығы жоғарлады. Жұмыс Ж. Абишев атындағы химиялық-металлургиялық институның Ф.0267 “Физико-химические основы процессов взаимодействия в многокомпонентных твердых и жидких системах при глубокой переработке сложного металлосодержащего минерального и техногенного сырья” зерттеу бағдарламасының жоспарына сәйкес орындалды. Тақырыбы: “Физико-математическое моделирование движения газодисперсной фазы в сплошной среде (сплаве на основе железа) с определением кинетических и термодинамических условий эффективного взаимодействия фаз металлургических систем”.

Куликов В.Ю. ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты бірқалыпты статикалық және термикалық жүктеу кезіндегі дисперсиялық орталардың үлгілерін жасау.

Куликов В.Ю. статикалық емес жүктемені құм-шайырлы қоспалардың қалыптасу үдерісі кезінде бірінші болып қолданды.

Куликов В.Ю.құм-шайырлы қалыптардың қолайлы технологиялық параметрлерін анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті үлгілейтін компьютерлік бағдарламаны жасады, ол инжинерлік есептеу кезінде және оқытуда қолданылады; ал ойлап табылған құюға арналған құм-шайырлы қалыптардың технологиясы өлшемдік дәлдігі және бет тазалығы жоғары құймаларды алуға мүмкіндік береді. Технология«Пархоменко атындағы ҚМЗ» ЖШС (Қарағанды қ.) қолданылады.

№ 04.12.01 “Разработка технологии выплавки литейных сплавов с применением кристаллического кремния” Қарағанды мемлекеттік техникалық Университеті мен Ж. Абишев атындағы Химиялық-метеллургиялық институт арасындағы шаруашылық келісімінің шартына сай  Куликов В.Ю., орындаушы ретінде, әртүрлі балқыту тәртібі кезінде алынған құйма қорытпалардың қасиеттерінің және микроқұрылысының зерттеуін орындады.

Куликов В.Ю. соңғы бес жыл ішінде келесі бастамашы және тәуекелді ғылыми зерттеулер мен жобаларға қатысты:

- бекітілген механикалық қасиеті бар наноқұрылған материалдар жобасы (ҚР БҒМ ҒК келісімі, жауапты орындаушы);

- үш фазалы гетерогендік ортаны физикалық-математикалық үлгілеу (бастамашы, орындаушы);

- қалып құю мен тең каналдық сатылық матрицаларды басу (ТКСМ) әдістерін қоса қолдану арқылы наноқұрылған метал бұйымдарын алу технологиясын жасау;(«Фонд науки» АҚ келісім, орындаушы);

- галлуазиттық нанотүтікшелерден құрылған бүркемемен жабу арқылы металдардың коррозияға шыдамдығын жоғарлату («НАТР» АҚ, жауапты орындаушы).

Қазір «Жоғары берікті құю қалыптарды дайындау технологиясының жобасы» (04.02.2014 ж. ҚР БҒМ Ғылым комитетімен № 190-4 келісім.) мемлекеттік бюджет тақырыбының жауапты орындаушысы.

Куликов В.Ю. 200 аса басылғанғылыми-әдістемелік еңбек авторы, оның ішінде 24 оқулықи 3 монография,TompsonReautersимпакт-факторы 0,77«Metallurgija» (Хорватие) журналында3 мақалала.

Барлығы 200 ғылыми жұмыс басылған, 20 өнертабыстың серіктес авторы, оларға Қазақстан Республикасында инновациялық патенттер алынған, Қазақстанда, Ресейде, Украинада, Польшада және Чехияда өткізілген 40 асахалықаралық конференцияларға қатысқан, Қазақстан Республикасы мен Ресейдің белгілі ғылыми баспаларда 30 мақала жариялаған.

2011 ж шілдесінде Куликов В.Ю. «Металлургия» мамандығы бойынша доцент ғылыми дәрежесі берілген. 2013 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының мүшелігіне таңдалды.

Куликов В.Ю. әрқашан студенттік ғылыми жұмыспен айналысады және магистраннтардың ғылыми жетекшісі және ғылыми кеңесшісі (11 магистрант жұмыстарын қорғады).

Куликов В.Ю. бастауымен пештен тыс қосындау және оттегіден босату кезіндегі болат сапасын жоғарлату зерттеулері жүргізіледі.Жасалған зерттеулердің нәтижесі қосындау және оттегіден босату технологияларын оңтайладыруға мүмкіндік берді және ферроқоспалар шығынын қысқартуға алып келді, сонымен қатар газ қуыс және химиялық ажырату ақауларын азайту арқылы болат құймаларының сапасын жорғарлату мүмкіндік берді.

2009 ж. Куликов В.Ю.«2008 жылдың жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» грантын алып, грантты орындау кезіндеМәскеу мемлекеттік ашық университеті (Ресей) мен Луизиана техникалық университетінде (АҚШ) нанотехнология зертханасының жұмысы және зертханада оқу үдерісін ұйымдастыру бойынша оқытуды өтті. Куликов В.Ю. 2009 ж Санкт-Петербург мемлекеттік политехникалық университетінде(Санкт-Петербург қ, Ресей), 2011 ж. ЛотарингияУниверситеті (Нанси қ., Франция), 2013 ж. «Lidavia» АҚ (Прага қ., Чехия), 2014 ж. ҒЗ ТПУ (Томск қ., Ресей) мекемелерінде жұмыс істеді.

 

Жұмыс телефоны: 8(7212) 565935 доб. 1024

Ішкі телефоны: 1024

Электрондық пошта адресі: mlpikm@mail.ru

Ғылыми еңбектер: