Кипнис Лев Семёнович

image001
image-1

Машина жасау факультеті

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: доцент

Лауазымы: доцент

Биография:

Кипнис Лев Семёнович, 1938 жылы туылған, жоғарығы білім, техникалық ғылым кандидаты, Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университетінің «» кафедрасының доценті.

1960 ж. Одесса политехникалық институтында «Құю өндірісінің машиналары және технологиялары» мамандығын оқып аяқтады. 1960–1964 жж. Николаев қаласындағы (Украина) Турбина зауытында құю цехының технолог, аға технологы болып қызмет атқарды.

1964–1966 жж. – Қарағанды политехникалық институтының металдар технологиясы кафедрасның көмекшісі.

1966–69 жж. Мәсеку автомеханикалық институтында аспирантурасында оқыды, ал 1973 жылы «Құю өндірісі» мамандығы бойынша техникалық ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Құймалардағы ішкі кернеулерді зерттеу және қалыптасуындағы кейбір ерекшеліктер» тақырыбына диссертация қорғады.

1970 ж. – Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің доценті, аға оқытушысы. Жалпы жұмыс өтілі 54 жыл, педагогикалық қызмет өтілі – 47 жыл.

«Құю цехтарының құрал-жабдықтары»,  «Құю цехтарын жобалау»,  «Құйманың қалыптасу теориясы»,  «Термиялық цехтарды жобалау», «Металл емес материалдардан бұйымдар өндіру цехтарының құрал-жабдықтары», «Информатикадан арнайы курс» пәндері бойынша дәрістер оқиды, тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды қабылдайды. Кафедрада өндірістік тәжірибелер мен дипломдық жобалауды басқарады.

Қолданбалы ғылыми-зерттеу және білім бағдарламалары бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруға көмектесті:

- Дайындау технологияларын дамыту және құймалардың сапасын жоғарлату.

- Сусымалы материалдарды қызумен өңдеу үдірісі және оған арналған құрылғыларын зерттеу.

- Құю қалбыларын дайындау үшін әдістерді, құрылғыларды және жабдықтарды жасау.

-«Машина жасау» и «Металлургия» мамандықтары бойынша мемлекеттік білім стандарттарын даярлау.

Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыты – құйған бұйымдарды өндіру құралдары мен технологиялық үдерісін жетілдіру.

120 жуық басылған еңбектердің авторы, оның ішінде оқу құралдары және электрондық оқулықтар, 20 аса өнер табу патенттің және авторлық куәліктің иегері.

 

Жұмыс телефоны: 8(7212) 565935 доб. 1024

Ішкі телефоны: 1024

Электрондық пошта адресі: жоқ

Ғылыми еңбектер: