Казбекова Надежда Александровна

DSC_4022
image-1

Мен, Қазбекова Надежда Александровна, 1955 жылы Самара қаласында дүниеге келдім. Ұлтым – орыс. Ғылыми педагогикалық тәжірибем – 28 жыл.

   Білімім – жоғары. 1976 – 1980 жылдары ЛВПШК – да мәдени – тәрбие жұмысы мамандығы бойынша оқыдым.

   Аталмыш жоғарғы оқу – орнын бітірген соң, 1980 – 1985 жылдары кеншілер мәдениет сарайында (Қарағанды) жастар арасындағы жұмыс бөлімінің бастығы қызметін атқардым.

   1985 – 1998 жылдары Қарағанды мәдени – тәрбие училищесінің  (1.09.1997 жылдан бастап Тәттімбет атындағы өнер колледжі деп аталды) директорының шақыруымен әлемдік және отандық мәдениет пәнінен мұғалім болып жұмыс атқардым.

   1998 жылдан бастап Қарағандыдағы «Болашақ» өзекті білім беру институтында жұмыс істедім. Алдымен, күндізгі бөлімнің инспекторы (оған дейін осы институтта «Мәдениеттану» пәнінен сабақ берген болатынмын),  одан кейін ИТД әдіскері болдым. Кейіннен саясаттану кафедрасына аға оқытушы болып ауыстым.

   2010 жылы  тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертация қорғадым (мамандық шифры: 07.00.02 – отандық тарих (ҚР тарихы)). 2011 жылдан бастап, «Болашақ» Қарағанды университетінің саясаттану кафедрасының доценті қызметін алдым.

   46 ғылыми және оқу – әдістемелік басылымдардың авторымын. Оның ішіндегі біреуі монография, екеуі оқу – әдістемелік құрал, екеуі УМК-да жарияланған.

   2011 жылдан бастап  «Қазіргі заманның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет атқардым.

   Кафедраның доценті ретінде «Мәдениеттану» пәнінен негізгі мамандықтарды жүргіздім. Біліктілікті арттыру мақсатында «Болашақ» Қарағанды университеті ұйымдастырған әр түрлі  әдістемелік семинарларға қатыстым.

   Отбасылық жағдайым: жұбайым (1953ж.), қызым (1982ж.), ұлым (1984ж.). Жұбайым – ҚарМТУ-да саясаттану және ӘГП кафедрасының саясаттану доценті, қызым мен ұлымның жоғарғы білімі және өз отбасылары бар.

   2016 жылдың желтоқсан айынан бастап ҚарМТУ-да «Қазақстан тарихы» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарамын.

электорнды пошта:nak2002@mail.ru