Исабек Туяк Копейулы

Исабек Т.К.
image-1

фио

Тау-кен факультеті
Ғылыми дәреже:
Ғылыми атағы:
Қызметі:

Өмірбаяны

Исабек Тұяқ Көпейұлы 1950 ж. 29 наурызда Қарағанды қаласында туды. Қарағанды облысы, Нұра ауданы Черниговка селосында Калинин атындағы орта орысша мектебін бітірді.

1967-72 жж. Қарағанды политехникалық институты, тау-кен факультетінің «Пайдалы кенорындарын жерасты қазып өндіру» (ПКОҚӨ) кафедрасында оқып кен инженері мамандығына ие болды. 1972-74 жж. Қиыр Шығыста Кеңес әскері артиллерия полкында офицерлік қызмет атқарды: взвод командирі, батарея аға офицері, батарея командирі болып, аға лейтенант әскери шенімен елге оралды. 1974-77 жж. Қарағанды қаласындағы «Западная» шахтысында жерасты кен мастері, участке бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

1977 жылдан бүгінгі күнге дейін Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде. Қызмет сатысын аға инженерден бастап ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер болды. 1979-82 жж. ПКОҚӨ кафедрасының аспирантурасында оқыды. 1987 ж. аға мұғалім, содан доцент, 1997 ж. бері профессор.

Кеңес Одағы бойында белгілі профессор С.С. Квонның жетекшілігімен 1985 ж. «Тау-кен геологиялық жағдайлары күрделі көмір тақталары мен шоғырланған учаскелерін қазып алу технологиясын жетілдіру және тазартпа қазу параметрлерін анықтау» тақырыптағы кандидаттық диссертация қорғады.

Социалистік Еңбек Ері, академик Ә.С. Сағыновтың жетекшілігімен «Жатысы күрделі көмір тақталарының шоғырланған учаскелерін дайындау қазбаларын өткізусіз қысқа тазартпа кенжарлармен қазып алу технологиясын жасау» атты ғылыми диссертация қорғап, техника ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесіне ие болды.

2001-03 жж. тау-кен факультеті деканының орынбасары, 2003-04 жж. қысқа мерзімді оқыту факультетінің деканы, 2004-08 жж. тау-кен факультетінің деканы қызметін атқарды. 2008-17 жж. Ә.С. Сағынов атындағы «Пайдалы кенорындарын қазып өндіру» кафедрасының меңгерушісі. Қазір осы кафедраның профессоры.

400-ден астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы. Оның ішінде 23 өнертапқыш, 14 ғылыми монография, 9 оқулық (3 қаз.), 12 оқулық құрал (8 қаз.), 4 кітап-шежіре және т.б. Негізгі еңбектері Қарағанды бассейніндегі күрделі тау-кен жағдайында жататын көмір тақталарын қазып алу мәселесіне арналған.

2001-03 жж. тау-кен факультеті деканының орынбасары, 2003-04 жж. қысқа мерзімді оқыту факультетінің деканы, 2004-08 жж. тау-кен факультетінің деканы қызметін атқарды. 2008-17 жж. Ә.С. Сағынов атындағы «Пайдалы кенорындарын қазып өндіру» кафедрасының меңгерушісі. Қазір осы кафедраның профессоры.

Екі ұлттық ғылыми академияларының толық мүшесі: Қазақстан Ұлттық Жаратылыстану және Ұлттық Тау-кен ғылыми академияларының. Тау-кен ғылыми академиясының Қарағанды филиалының академик – хатшысы (басшысы). «Вестник Национальной Академии Горных Наук» – «Вестник НАГН» ғылыми – практикалық журналының редакциялық коллегиясының мүшесі. 2006 жылдан «Қазақ терминшілері қауымдастығының» мүшесі.

Қоғамдық жұмыстар: тау-кен факультеті кәсіподақ бюросының төрағасы (1993-2000), ҚарМТУ кәсіподақ комитетінің мүшесі (1993-2000), тұрмыс үй комиссиясының мүшесі (1992-2000), университет бойынша дау мәселелерін шешу комиссиясының төрағасы (1995-2004).

Марапаттар мен атақтар: «Қазақстан  Республикасы білім беру ісінің үздігі» (1995), «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің құрметті қызметкері» (2007), екі мәрте ҚР БжҒМ «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» (2008 и 2014), ҚарМТУ-дың «Ерен еңбегі үшін» (2013), ҚР БжҒМ «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін»» (2014); І, ІІ, ІІІ дәрежедегі «Шахтер даңқы» («Шахтерская слава») белгілерінің толық кавалері (2014-2016); ҚР Тау-кен ғылыми академиясының құрмет белгісі «Отличник горной науки» (2016).

Алғыс хаттар мен құрмет грамоталар: Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің құрмет грамотасы (2001); Қарағанды облысы кәсіподақ федерациясының қүрмет грамотасы (2007); Балқаш қаласы әкімінің алғысы (2009, 2012); «Қазақстан болашағы үшін жастар қозғалысы» ҚҰ алғыс хаты (2014); РФ Энергетика министрі орынбасарының алғыс хаты (2014, 2016); ҚР ЭМ көмір өндірісі басқармасының құрмет грамотасы (2015); Қарағанды облысы әкімінің алғыс хаты (2016) және 10-астам ҚарМТУ ректоратының алғыс-грамоталары.

Қызметтік телефоны: 56-26-19

E-mail: tyiak@mail.ru.

T