Егізбаев Сансызбай Қармысович

DSC_4009
image-1

Сансызбай Қармысұлы Егізбаев 1946 жылдың 14 сәуірінде Қарағанды қаласында дүниеге келеді. Орта мектепті бітірген соң Қарағанды мемлекеттік педагогикалық институттың тарих факультетіне 1965 жылы оқуға түседі. Аталған оқу орнын 1969 жылы тарих мұғалімі мамандығы бойынша үздік бітіріп шығып, «Жалпы тарих» кафедрасында оқытушы лауазымында қызмет жасайды.
1971 жылдың желтоқсан айынан 1973 жылдың желтоқсан айына дейінгі аралықта Алматы шетел тілдері институтының философия кафедрасында аспирантурада оқиды.
Сансызбай Қармысұлы 1974 жылдың қаңтар айынан бастап, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында үзбей 31 жыл қызмет атқарды.
Сансызбай Қармысұлы оқытушылық еңбегімен шәкірттерінің жүрегінен орын тапты.Өмір бойы оқуды өзінің жеке кредосына айналдырған ағамыз философия ғылымдарының кандидаты, профессор атағымен ғылым жолында өзіндік із қалдырып, болашақ ұрпақ үшін үлгі тұтатын тұлғаға айналды. Ағамыз еңбек жолын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында оқытушыдан бастап кафедра бастығы қызметіне дейін жетіп, елеулі еңбек етті. Сансызбай Қармысұлы алғашқы арнайы атағы ішкі қызмет аға лейтенантын 1974 жылы алса, 1991 жылы ішкі қызмет полковнигі атағын алды. Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін де Сәкең КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінде өзінің барлық тәжірибесі мен білімін арнап, 2005 жылдың желтоқсан айында құрметті демалысқа шықты.
Ғылыми,ғылым-әдістемелік еңбектерін Академия басшылығы қызметтегі және педагогикалық шығармашылықтағы жетістіктері үшін Сансызбай Қармысұлын марапаттаулардан қалыс қалдырған жоқ. «ІІМ үздік қызметі үшін» кеуде белгісі, «ІІО мінсіз қызметі үшін» ІІІ-ІІ-І дәрежелі медальдармен, «ІІМ құрметті ардагері» медалімен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі мен Білім және Ғылым Министрінің Құрмет грамоталары, 1970-1980 жылдары сол кездегі КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебінің және Академия бастығының грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталуы соның дәлелі болар.
Құқық қорғау органдары үшін жоғары білікті мамандары даярлауда үлкен үлес қосты. Жас қызметтестердің кәсіби шеберлігін жоғарлатуға оларға әдістемелік көмек көрсетуге көп көңіл бөлді, сонымен қатар,біздің Академияның қоғамдық өміріне де белсене қатысты. Сансызбай Қармысұлы көп жылдық мінсіз қызметі мен кәсіби міндетін үлгілі түрде орындауы талай ведомстволық марапаттаулар мен мадақтаулар арқылы жоғары бағаланды.
Электрондық пошта: kazakhstan_i@mail.ru