Достаева Ардақ Мұхамедияқызы

Достаева
image-1

 

Машинажасау факультеті

Ғылыми дәрежесі: PhDдоктор

Ғылыми атағы: -

Қызметі: «Нанотехнологиялар және металлургия» кафедрасының аға оқытушысы

 

Өмірбаяны:

Достаева Ардақ Мухамедияқызы, 1990 жылы 12 сәуірде Қазақстан Республикасының Қарағанды облысында дүниеге келді. Ұлты қазақ, білім жоғары.

Металлургия, материалтану және нанотехнология облысында маман.

Достаева А.М., 2006 жылы ҚарМТУға оқуға түсіп, 2010 жылы «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін иемденумен үздік дипломмен тәмамдады.

2010 жылдан 2012 жыл аралығында«Материалтану және жаңа материалдар технологиясы» мамандығы бойынша магистратурада оқыды. ҚарМТУ –да магистратурада оқып жүріп, 2011 жылдан бастап, ММжәне Н кафедрасында оқу мастері қызметінде және 2012 жылдың қаңтар айынан бастап ассистент қызметінде жұмыс жасады.

2010-2012 жылдар арасында Қарағанды экономикалық университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.

2011 жылы сәуір айында ҚарМТУ, ҚР Бірінші Президенті атындағы Электронды білім беру орталығында білімін арттыру бойынша курсты аяқтады.

2011 жылы 19-27 маусым аралығында Прага қаласында «Прага дамыту орталығында» «Білім мен ғылымдағы инновациялар: еуропалық тәжірибе және жетістіктер» атты курста білімін арттырды.

2011 жылы қыркүйекте «Тау-кен металлургиялық кешен қалдықтарын жою және шикізаттарды қайта өңдеу технологиясы» атты курста білімін арттырды.

2012 жылы 9 сәуірден 30 маусымға дейін техникалық педагогика бойынша ҚарМТУда білімін арттырды.

2012 жылы мамыр айында «Тау-кен металлургиялық сала үшін құрастырмалық материалдарды құрылымдық зерттеудің инновациялық әдістері» атты курста білімін арттырды.

2012 жылы тамызда Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ға мақсаттық грант бойынша докторантураға бағытталды. Докторантурада оқу кезінде Мәскеу қаласында МИСиС Ұлттық зерттеу технологиялық университетінде екі айлық қызметтік іс сапардан өтті., білімін арттыру бойынша әртүрлі курстарды тәмамдады.

2015 жылы 26 маусымда «Өткізгіштікті Al-Zr қорытпаларын термиялық өңдеу тәртібін және құрамын негіздеу» тақырыбында докторлық диссертация қорғады, 2015 жылы 9 қазанда (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесі берілді.

2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап НТМ кафедрасына оқытушы қызметіне жұмысқа алында, МВ-15-1 ( «Серпін 2050» бағдарламасы) тобының кураторы.

2015 жылдың 25 желтоқсанында № 869с бұйрықпен НТМ кафедрасының аға оқытушы қызметіне 3 жыл мерзіммен конкурстан өтілді.

Достаева А.М. студенттік ғылыми жұмысты басқарады және 6 студенттің және 4 магистранттың ғылыми жетекшісі.

Достаева А.М.  7 ғылыми әдістемелік еңбектің авторы, оның ішінде 5 оқу құралы және 1 монография, және Scopus мәліметтер базасына кіретін «Advanced Materials Research» (Бали, Индонезия) журналда 1 мақала.

30-ға жуық ғылыми жұмыстар басып шығарылған, оның ішінде Қазақстан Республикасында,Украина және Чехияда өткізілген 8 халықаралық конференцияларға қатысты, ҚР БҒМ БҒСБК бекітілген ғылыми басылымдарда 10-ға жуық мақала шығарды.

Жұмыс телефоны: 8(7212) 565935 доб. 1024

Ішкі телефоны: 1024

Электрондық пошта адресі: ardak_erkekyz@mail.ru

Ғылыми еңбектер: