Дедов Анатолий Никанорович

Дедов
image-1

Жол-көлік факультеты

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: профессор

Лауазымы: проф. Данияров А.Н. атындағы «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының профессоры

Өмірбаян:

1967 ж. Қарағанды политехникалық институтының тау инженер-элетромеханигі мамандығын бітірді. 1974 ж. ақпанында техникалық ғылымдардың кандидатына диссертациялық жұмысын қорғады, 1978 ж. наурызында аға ғылым қызметкері дәрежесі, 2005 ж. бастап – профессор академиялық дәрежесі тағайындалды.

Еңбек жолын 1953 ж. Карагандауголь комбинатының 101 шахтасының таужұмыскері болып бастады. 1953 ж. қазан айынан 1956 ж. шілде айына дейін Кеңес Әскерінің құрамында өз борышын атады. 1957 ж. маусымынан 1958 ж. желтоқсанына дейін – 101 шахтасының электраспапшысы. 1958 ж. желтоқсанынан 1963 ж. ақпанына дейін Қарағанды облавтотрестінің № 1 саран автобазасында автоэлетрик қызметін атқарды. 1963 ж. ақпанынан 1991 ж. ақпанына дейін Гипроуглегормаш институтында ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, бөлім меңгерушісі және ғылыми жұмыс бойынша бастықтың орынбасары (1986 ж. наурызынан 1991 ж. ақпаны) қызметтерінде болды. 1991 ж. наурызынан 1991 ж. қыркүйегі – «Караганда Промстройдың» құрылысы жүріп жатқан кәсіпорындарының бас инженері. 1991 ж. қыркүйегінен қазіргі таңға дейін ӨК кафедрасының профессоры.

Еңбек ету жолында тау-көлік техникаларын жасау бойынша жұмыстардың жетекшісі болды: П65 және П80 иілгіш конвейерлері, шахталық вагонеткалардың итергіштері, аударушылар, шахталық жолаушылар вагондары және т.б.

«Құрмет белгісі» орденімен, «Адал еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен, «ІІІ дәрежелі Шахтер даңқы», Кеңес Одағы халық шаруашылығы жетістіктер көрмесінің қола медалімен, «Жарыс жеңімпазы» белгісімен, ҚР БҒМ Бедел грамотасымен, құрмет қағаздарымен және т.б. марапатталған. 110 астам ғылыми еңбектердің авторы, соның ішінде 20 авторлық куәлік пен 1 патент, үш пән бойынша 3 оқулық пен 6 оқу нұсқаулары. Оқу үрдісіне 30 астам оқу-әдістемелік жасалымдары кірген, соның ішінде 2 электронды оқулық, слайд-дәрістер және т.б.

Жұмыс телефоны: 56-75-98

Ішкі байланыс телефоны: 2051

Электронды почта  адресі:  kafedra_pt@mail.ru

Ғылыми еңбектері: 4 Дедов А.Н.