Буканов Жанат Умиртаевич

image001
image-1

Машина жасау факультеті

Ғылыми дәрежесі: магистр

Лауазымы: «Металлургия, материалтану және нанотехнология» кафедрасының аға оқытушысы

Биография:

Буканов Жанат Умиртаевич, 1969 ж., ұлты қазақ,1995 ж. «Машиналар және құю өндірісінің технологиясы» мамандығы бойынша Қарағанды Политехникалық Институтында білім алды.

Буканов Жанат Умиртаевич 2000 жылдан бастап ММ және Н кафедрасында жұмыс істейді. Жұмыс барысында өзін жауапкершілігі мол және жұмысын ұқыпты істей алатын қызметкер ретінде көрсете білді. Басқа қызметкерлерді сыйлайтын, еңбекқор, ықыласты қызметкер. Кафедраның ғылыми жұмысына белсене қатысады.

25 ғылыми мақала және баяндама тезистерін жариялаған. Ол бірнеше әдістемелік құралдар және нұсқаулар жасаған, ҚР өнертабысының 5 авторлық куәлігі алынған. Жалпы білім беру стандарттарын жобасына қатысқан.

2002 жылы Алматы қаласында Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің Республикалық орталығында «Материалтану және материалдар технологиясы» мамандығы бойынша біліктілігін жетілдірген, 2008 жылы ҚарМТУ кәсіби педагогика негіздері бойынша теорилық оқудан өтті, 2010 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде 023 «Нанотехнологияларжәне жаңа материалдар: Наноматериалдарды алудың импульстік технологиялары» бағдарламасы бойынша  біліктілігін арттыру курсынан өтті.

Компьютерлік техниканы меңгерген, жаңа комрьютерлік технологияларды меңгеру және ЖЭЕМ «Машиналық графика: Corel Draw, AutoCAD», «WEB-технологиялар, WEB-беттерді жасау», «Оқыту барысында интерактивтік оқыту құралдарын қолдану», «Мультимедиалық құралдар» курстарын оқыған.

2007 жылы«Металлургия» мамандығы бойынша магистратураны үздік белгісімен бітірді.

Университеттің, кафедраның қоғамдық өміріне белсене қатысады,  институт және кафедра бойынша азаматтық қорғаныс үшін, кафедралық стендтерді жасау үшін, кафедрада кәсіптік бейімделу үшін, университеттің сайтында кафедра парақшасы үшін  жауапты. Мет-11-3 тобының кураторы болып табылады.

 

Жұмыс телефоны: 8(7212) 565935 доб. 1024

Ішкі телефоны: 1024

Электрондық пошта адресі: heissen69@mail.ru

Ғылыми еңбектер: