Балшикеев Серик Балтабаевич

 

Новый рисунок

Жол-көлік факультеті

Ғылыми дәрежесі-философия ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы – доцент

Лаузымы – ӘГП кафедрасының доценті

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымадырының кандидаты.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеттің философия және экономика  факультетін бітірді. 1989 жылдың қыркүйек айынан 1991 жылдың сәуір айына дейін Қарағанды политехникалық институтының философия кафедрасының оқытушысы, 1991-1993 ж. аға оқытушы болды, 1993-1995 ж. аралығында аталған кафедраның стажер-зерттеушісі.

1995-1999 ж. әль-Фараби атындағы ҚазМҰУ арнаулы күндізгі аспирантурада оқыған, кандидаттық диссертацияны 09.11.11 – «Әлеуметтік философия» мамандығы бойынша қорғаған.

1999 ж. сәуір айынан бастап ҚарМТУ Балшикеев С.Б. «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы. 2000-2003 ж. кафедра доценті, 2003 қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісінің міндетін атқарды, 2004 ж. бастап кафедра меңгерушісі.

2004 жылы әль-Фараби атындағы ҚазҰУ философия  және ғылым тарихы бойынша кандидаттық минимум көлемінде емтихан қабылдауды даярлайтын бағдарламалық курсты өтті. 2006-2011ж. аралығында Ұлттық Біріңғай Тестілеу өткізу барысында Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министірлігінің өкілі, апелляциялық комиссиясының төрағасы.

Балшикеев С.Б. 45 ғылыми мақала әзірлеген, 6 оқу құралын, 6 философия бойынша электрондық оқу-құралы, 3 ғаламторлық топтама оқу-құралы және слайд дәріс.

Ғылыми – педагогикалық және тәрбие жұмыстары үшін Балшикеев С.Б. Қарағанды облысының Әкімінің Мақтау грамотасымен марапаталған (2008). ҚР Білім және ғылым Министірінің (2010), Жезқазған қ. Әкімінің (2010), Ұлттық Тестілеу Орталығының директорының (2009) Алғыс хаттарымен марапатталған.

Жұмыс телефоны 565932

Ішкі телефон 2052

Электрондық пошта balshikeev@mail.ru

Ғылыми еңбектері Список научных статей зав