Балабаев Оюм Темиргалиевич

Жол-көлік факультеті
Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: -

Лауазымы: проф. А.Н. Данияров атындағы «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының аға оқытушысы.

 

Өмірбаяны: 2002 жылы ҚарМТУ-ды «Көлікті пайдалану және көлікті басқару» мамандығы бойынша бітіріп және көлікті басқару бойынша инженер ретінде біліктілігін алды. 2003 жылдың қыркүйегінен бастап ҚарМТУ «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасының ассистенті болып қабылданды. 2003 жылдың желтоқсан айында аспирантураға күндізгі бөлімде “Тау-кен машиналары” мамандығы бойынша түсті. 2006 жылдан бастап ассистент, оқытушы, 2008 жылдың қыркүйегінен бастап «Өнеркәсіптік көлік» кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді. 2010 жылы 05.05.06 «Тау-кен машиналары» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады, дәрежесі 2011 жылдың наурыз айында берілді.

О.Балабаев көлік техникасы мен технологиясы саласында зерттеулермен белсенді айналысады. Ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға белсене араласады, AP05132295-OT-18 «Әртүрлі органикалық қалдықтарды және биогазды өндіруді, органикалық-минералды тыңайтқыштарды анаэробты ашыту үшін оңтайлы араластыру жүйесі мен биомасса айналымы бар пилоттық қондырғыны әзірлеу» Республикалық жобасында зерттеу органдарының мүшесі болып табылады.  RhD дағдыларын дамытуда параллельді жақсартумен бірге таза орта үшін жылу және энергетикалық жүйелердегі ЖОО-дағы оқытуды жетілдіру № 585849-ЕРР-1-2017-1-UK-ЕРРКА2-СВНЕ-JР АSІАХІS (Эрасмус+)  жобасы бойынша білім беру бағдарламаларының сарапшысы. Оның жетекшілігімен жыл сайын «Көлік қозғалысы, көлікті ұйымдастыру және пайдалану» мамандығының студенттері мен магистранттары түрлі деңгейдегі ғылыми конференцияларға қатысып, Республикалық СҒЗЖ байқауының жеңімпазы болады. 2018 жылы ҚарМТУ ректоры М.Қ. Ибатовтан ҚарМТУ студенттері арасында Жастар бизнес-жобалар байқауына белсене қатысқаны үшін  алғыс хатын алды..

2014-2018 жылдарға арналған 39 мақала жарияланды, соның ішінде: Scopus деректер базасына енгізілген журналдағы 1 мақала; Web of Science дерекқорларына индекстелген конференция материалдарында 1 мақала; ҚР БҒМ ККСН тізіміне енгізілген басылымдарда 10 жарияланым; РИНЦ деректер базасына енгізілген журналдарда 6 жарияланым; 3 монография; ҚР БжҒМ ұсынған 1 оқулық; ҚР БжҒМ РМУ ұсынған 1 оқу құралы; ҚарМТУ Ғылыми кеңесі ұсынған 3 оқулық; Авторлық құқықты уәкілетті орган растайтын 2 электрондық оқулық; 6 патент алынды.

Жұмыс телефоны: 56-75-98

Ішкі телефоны: 2051

Электрондық пошта мекен-жайы: balabaev.ot@mail.ru

Жұмыстар тізімі

Технические средства обеспечения безопасности на транспорте

Транспортное право и правовое регулирование международных перевозок