Алшынбаева Жулдыз Елдосовна

Алшынбаева Ж.Е.
image-1

Білімі – жоғары, педагогика және психология мамандығын үздік дипломға бітірген.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 6D012000-Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша PhD докторантурада 2014 – 2017 жж. білім алған. 2018 жылы докторлық диссертацияны қорғап, ҚР Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің шешімімен бұйрық №1124 6D012000-Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша философия докторы PhD дәрежесі 13.07.2018 ж. берілді.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогика факультетінің «Педагогика және психология» мамандығы бойынша 2010 жылы педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесі берілді.

Кәсіптік білім және педагогика кафедрасының PhD докторы, аға оқытушысы.

Психология, Педагогика, Кәсіптік психология, Психология және адам дамуы, Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі, курстарын мемлекеттік тілде жүргізеді.

Халықаралық ғылыми журналдарда, халықаралық, республикалық және аймақтық ғылыми конференцияларға жарияланған мақалаларының жалпы саны – 60, ELSEVIER Scopus базасына енген шет елдік нөлдік емес импакт – факторы бар ғылыми журналдар базасында– 3 мақала, ҚР БжҒМ Білім және Ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған ғылыми басылымда – 10 мақала, РИНЦ импакт факторы бар Ресей ЖАК тізіміне енген журналында – 3 мақала және оқу құралы – 4, оқу – әдістемелік нұсқаулық – 4, электрондық оқу құралы (ЭВМ –ге арналған бағдарлама) – 6.

Жалпы жұмыс өтілімі – 22 жыл

ЖОО жұмыс тәжірибесі – 15 жыл

Жеке кәсіби жетістіктері: неміс тілі, ағылшын тілін сөздікпен қолданады, компьютерді қолдану деңгейінде меңгерген

Қосымша басқа да ақпарат (жеке қасиеттері мен қабілеттері) – жауапкершілік, қарым-қатынасқа түсе білу, бос уақытында кітап оқумен айналысады.

Байланыс ақпараты (факультет, кафедра мекен-жайы, телефон, е-maіl) – Б.Мира, 56, № 1 корпус, жұмыс телефоны 56-52-33, е-maіl: Zhuldys_eldosovna@mail.ru

Ғылыми және оқу еңбектері:

Ғалыми еңбектер тізімі