Алиев Женис Аккожанович

Факультет: жол-көлік

Ғылымидәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: т.ғ.к., профессор

Лауазымы: КТ және ЛЖ кафедрасының профессоры

Өмірбаян:

Мәскеу көлік инженерлері институтын (МИИТ) бітірген соң,   1967 жылдан бастап ҚарМТУ-да ассистент қызметінен бастады. 1968 жылы Қарағанды политехникалық институтының күндізгі аспирантурасына түсіп, оны бітірген соң 1971 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады. 1971 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор және кафедра меңгерушісі қызметтерінде жүйелі жұмыс істеді. 1976-1983 жж. және 1987-1997 жж.  университеттің жол-көлік факультетінің  деканы  қызметін атқарды.  1991 ж. бастап  2008 ж. шiлде дейін  автомобиль көлігі кафедрасының меңгерушісі  болып табылады. 1975 ж. бастап  институттың (университеттің)  және жол-көлік факультетінің  Ғылыми кеңестерінің  мүшесі. 2001 жылы ҚарМТУ профессоры академиялық атағы  берілген.

ҚарМТУ-да жұмыс істеген кезеңде оқу-тәрбие, ғылыми және қоғамдық жұмысқа  белсенді қатысқан. ЖОО, факультеттің барлық шараларына үнемі қатысты. Ол 92 ғылыми жұмысын, соның  ішінде  өнертабыстарға  9 авторлық куәлігі және  бір өнертабысқа патенті бар. «Көлік,  көлік техникасы  және технологиялары» және «Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және  көлікті пайдалану» мамандықтары бойынша (2004 – 2006 ж.ж), «Автомобиль және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша  (1994 ж., 2000 ж., 2002 ж.) бакалавриаттың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, сондай-ақ осы мамандықтар бойынша (2004 – 2006 ж.ж,) магистратураның мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын (МЖМБС),   ҚР БҒМ  бекітілген 2006 ж пәндердің  8 типтік оқу  бағдарламаларын  әзірлеуші және қосымша авторы  болып табылады.  Көлік мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік Кеңестің мүшесі болып табылады.

Жұмыс істеген уақытында ЖОО басшылығымен бірнеше мәрте марапатталды, ЖОО, факультеттің  Құрмет тақтасына енгізілді.  Қазақ КСР ағарту ісінің  үздігі белгісімен,  Қазақстан Республикасы  Конституциясының  10 жылдығына орай медальмен, ҚР БҒМ  грамоталарымен марапатталды.

Жұмыс телефон: 56-39-32

Ішкі телефон: 2049

Электронды поштаның адресі: zhenis.aliev@yandex.kz

Ғылыми еңбектер