Қадылбекова Халида Мұратжанқызы

Халида

МІжГ кафедрасының ассистенті, т.ғ.м. 2017 жылы “Маркшейдерлік іс” траекториясы бойынша “Тау-кен ісі” мамандығын бітірді. 2018 жылы DAAD Германияның академиялық алмасулар қызметінің халықаралық грантының иегері атанды. 2019 жылы 6М070900 “Металлургия” мамандығы бойынша магистратураны бітірді.7 пән бойынша зертханалық сабақтар жүргізеді. Маркшейдерлік іс және геодезия кафедрасында жұмыс істеу барысында халықаралық, аймақтық және республикалық басылымдарда 10-нан астам ғылыми жарияланымдар, сонымен қатар 1 авторлық құқық объектілеріне куәлік, 1 оқу құралы, 1 әдістемелік нұсқау жарық көрді. ГД-18-5 тобының кураторы болып табылады. Кафедраның қоғамдық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады.