Абдугалиева Гульнур Баймурзаевна

 

Абдугалиева
image-1

Факультет: Машинажасау
Ғылымидәрежесі: т.ғ.к.
Ғылыми атағы:
Лауазымы: аға  оқытушы

Өмірбаяны

1984 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, техника ғылымдарының кандидаты, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Тау-кен машиналары және жабдықтары» кафедрасының аға оқытушысы. 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша аяқтаған. ҚарМТУ аяқтаған соң «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша магистратураға түскен және 2009 жылы «Исследование и обоснование параметров и показателей технологических машин при выемке угля с опускными (выпускными) блоками» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады. 2007ж. 1 қыркүйектен бастап ассистент, одан кейін оқытушы, қазіргі уақытта Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Тау-кен машиналары және жабдықтар» кафедрасының аға оқытушысы. Жалпы еңбек өтілі 7 жыл, педагогикалық қызмет өтілі 5 жылдан астам. Университеттегі қызметі кезеңінде келесі курстар бойынша дәріс, тәжірибе және зертханалық сабақтар жүргізді: «Тау-кен машиналары 1,2», «Технологиялық машиналарды жинақтау», «ЖТКЖ және АТКЖ тау-кен және көліктік машиналар», соның ішінде магистарнттарға «ЭЕМ арнайы курсы» бойынша магистранттарға тәжірибе сабақтарын жүргізді, сонымен қатар оқу, компьютерлік, таныстыру және өндірістік тәжірибелерге жетекшілік еткен. «Гравитациялық көмірді өндірудегі технологиялық машиналардың көрсеткіштері мен үрдістерін зерттеу» оқу құралы және «Технологиялық машиналарды жинақтау және пайдалану», «Технологиялық машиналардың вибробелсенділігі және виброқорғау», «Технологиялық машиналардың сенімділігі» курстары бойынша электрондық оқулықтары жарияланған. 2 патенті бар: «Көмір өндіретін агрегат» және «Механикаландырылған тіреу», алыс және жақын шетелдердің, ҚР ғылыми еңбектері мен журналдарында 40-тан астам ғылыми мақалалары мен тезистері жарияланған. 2010 жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде 05.05.06 –Тау-кен машиналары мамандығы бойынша «Гравитациялық көмірді өндірудегі технологиялық машиналардың көрсеткіштері мен үрдістерін зерттеу» тақырыбында техника ғылымдарының кандидаты атағына ізденуші диссертациясын қорғады. 2011 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Ғылым және білім Министрлігінің білім беру саласындағы қадағалау бойынша Комитеттің шешімімен 05.05.06 – Тау-кен машиналары мамандығы бойынша техника ғлымдарының кандидаты ғылыми атағы берілді. ҚР Аккредиттеу және рейтинг агенттігінің семинар-тренингіне қатысқанын растайтын «Білім беру сапасын қамтамасыз етудің жоо ішінедегі жүйесін әзірлеу» сертификаты бар.

Пәндер бойынша консультациялар:: сәрсенбi 15:00-17:00

Жұмыс телефон: 565932

Ішкі телефон: 2038

Электронды поштанын мекенжайы: gmio_gi_kstu@mail.ru