Ақашев Самат Ақатұлы

Акашев С.А.
image-1
Ақашев Самат Ақатұлы,Қазақстан Республикасының азаматы  16қаңтар 1961 жылы Ақшатау совхозы Шет ауданы Қарағанды облысында дүниеге келдім.

1968 жылы орта мектепке 1 сыныпқа бардым .1978 жылы орта мектепті тамамдадым. 1979 жылы көкек айында әскер қатарына шақырылдым. Поляк Халық Республикасында Совет Армиясының қызмет еттім.

1981 жылы  Совет Армиясын тамамдадым.   Сол жылдан бастап Ақшатау совхозында  автогаражда жүргізуші болып қызмет еттім .

1983 жылы Қарағанды педагогиқалық институтының алғашқы әскери дайындық факультетіне оқуға түстім. 1987 жылы  осы институтын тамамдап ,диплом алып шықтым .

1987 жылы Ақшатау кентіндегі орта мектепте  бітірген мамандығым бойынша мұғалімдік қызмет атқардым .1991 жылы Ағадыр аудандық Ішкі істер бөліміне аймақтық учаскелік қызметкер болып орналастым .1999 жылы қызмет бабына байланысты Жезқазған қаласына  Ішкі істер бөлімінің «Кузет мекемесіне» ауыстым.

Осы қызметте жүргенде бірнеше марапаттарға ие болдым:

«Мүлтіксіз қызметі үшін» -3 –і дәрежелі медалімен марапатталдым,

«Үздік қызметі үшін «– төс белгісімен марапатталдым .

2007 жылы  қызметтін уақыты аяқталуына байланысты тиісті демалысқа шықтым.

2013 жылдан бастап ҚарМТУ-да ӘТФ-де АӘД кафедрасында АӘД пәнінің мұғалімі ретінде жұмыс істеп жатырмын.

2014 жылы Алматы қаласындағы Қызметкерлерінің Біліктілігін Арттыратын Республикалық Институтында оқып сертификат алып шықтым.