Исабаева Меруерт Бердешқызы

Исабаева
image-1

Факультет: ФИТ

Ғылыми дәрежесі: химия ғылымдарының кандидаты

Ғылыми атағы: доцент

Өмірбаяны: М.Б. Исабаева 1976 жылы дүниеге келген, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1998 жылы «Химия. Оқытушы» біліктілігі тағайындалып, «Химия» мамандығы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ тәмамдады. 2000-2003 жылдар аралығында органикалық синтез және көмір химиясы институтында (күндізгі) аспирантураның күндізгі бөлімінде оқыды. 2003 жылы химия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесінің тағайындалуымен кандидаттық диссертациясын қорғады. Эфедриндік алколоидтар негізінде жаңа биологиялық белсенді заттардың синтезі бойынша Қазақстан Республикасының органиқалық синтез және көмір химиясы Институтының фундаменталды зерттеулер бағдарламасы аясында диссертациялық жұмысы жазылды.

Оқутышылық қызметін 2003-2006 жылдары Қарағанды медициналық академиясында «Жалпы химия» кафедрасында бастады.

2006-2007 жылдары С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Халықаралық әріптестік бөлімінің басшысы және 2007-2008 жылдары Ғылым және жаңа технологиялар басқармасының басшысы болып жұмыс жасады.

Қарағанды мемлекеттік техниқалық университетінде 2008 жылдан бастап «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасында доцент лауазымында жұмыс атқарады.

Профессорлық-оқытушылық құрамында арасында үлкен құрметке ие. Студенттерді инновациялық және ғылыми жұмыстырға белсенді жұмылдырады.

М.Б. Исабаеваның ғылыми қызметтерінің нәтижесі 30 ғылыми мақалалар мен 1 инновациялық патентте көрсетілген.